Семинардың мақсаты – байқаушыларды Ресейде 2018 жылдың 18 наурызында болатын президенттік сайлаудың құқықтық реттелуі және сайлау жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыру. Семинар жұмысына президенттік сайлауға түрлі халықаралық ұйымдардың миссиялары құрамында қысқа мерзімді байқаушы ретінде жіберілетін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдинаның айтуы бойынша, Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігі, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар және сайлау комиссияларымен бірлесіп, Ресейдегі президенттік сайлауға ТМД, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ШЫҰ миссияларының құрамында 170 қысқа мерзімді байқаушы жібереді.
Өз баяндамаларында халықаралық институт сарапшылары ТМД қатысушы елдерінің сайлау процестерінің реттелуі және халықаралық сайлау байқауы бойынша мәселелерді көтерді.