Ержұман Өтешұлы Смайыл 1948 жылы 5 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, БАҚ саласындағы Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты. Сондай-ақ Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты.
Еңбек жолын «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің тілшісі болып бастаған.
1979-1987 жылдары - «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде редактордың орынбасары; 1987-2003 жылдары - «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары; бас редакторының бірінші орынбасары, бас редакторы.
2003-2010 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті, вице-президенті қызметін атқарған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Бірер ай бұрын «Егемен Қазақстан» газетінде Ержұман Смайылдың 70 жасқа толғандығы атап өтілген болатын.