25 Қараша, 2011

Ынтымақтастық мәселелері талқыланды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев Украина Премьер-министрі Николай Азаровты қабылдады, деп хабар­ла­ды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қаты­нас­тардың кең көлемді мәселелері, атап айтқанда, инвестиция және сауда-қаржы саласындағы ынты­мақ­тастық жайы талқыланды. Биылғы жылдың 10 айында екі елдің арасындағы сауда айналымы 70 пайызға өсіп, 2,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстан Украинаның Ресей Федерациясынан кейінгі ірі сауда серіктесі болып табылады.

Украина Премьер-министрі Қазақстанның елордасы – Астананың архитектуралық және даму қарқынына өз таңданысын білдірді.

-----------------------------------------

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.