67 килоға дейінгі салмақта белдескен Алмат Кебіспаев финалдық айқаста жапондық Сушику Шимоямадуға қарсы екі нәтижелі әдіс жасап, жеңіске жетті. Бұл Кебіспаевтың Азия чемпионаттарынан алған екінші алтын медалі. 2011 жылы Азияның үздігі атанған ол, 2009, 2017 жылдары финалға дейін жеткен болатын.
Ал Асхат Ділмұхамедов (82 кг) финалда жергілікті балуан Атабек Әзизбековпен белдесіп, еншілеген төрт ұпаймен құрлық жеңімпазы атанды. Ол бұған дейін 2011 және 2016 жылдары өткен Азия чемпионаттарының қола жүлдегері болған еді.
72 килода белдескен жерлесіміз Демеу Жадыраев кілем иесі Ақжол Махмудовқа есе жіберіп, күміс медальді еншіледі.
Сондай-ақ, Қорлан Жаханша (55 кг), Мейрамбек Айнағұлов (63 кг), Мақсат Ережепов (75 кг) және Ерлан Ысқақов (97 кг) чемпионаттың қола жүлдесін қанағат тұтты.
Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»