25 Қараша, 2011

Тағайындалған сенаторларға куәліктер тапсырылды

330 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың төрағалық етуімен Комиссияның кезекті оты­рысы өтті. Отырыста Орталық сайлау комиссиясы Президенттің Жарлығымен тағайындалған Парламент Сенатының депу­тат­тарын тіркеді және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қа­ра­жа­тынан жабылатын шығыстарының нормативтерін бекітті.

Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің 2011 жылғы 23 қара­ша­дағы «Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Парламенті Сенатының де­пу­таттарын тағайындау туралы» Жарлығының негізінде Орталық сайлау комиссиясы Икрам Адыр­бековті, Мұхтар Алтынбаевты, Берік Имашевті, Қайрат Мәмиді, Бауыржан Мұхамеджановты, Ерлан Нығматулинді және Людмила Полторабатьконы Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Сена­ты­ның депутаттары ретінде тіркеді. Одан соң Комиссия төрағасы Парламент Сенатының тіркелген депутаттарына тиісті куәліктер мен омырауға тағатын белгілерді тапсырды.

– Президенттің Жарлығымен екінші мерзімге сенатор болып тағайындалдық, – деді Мұхтар Ал­тынбаев куәліктер мен омы­рауға тағатын белгілерді тапсыру рәсімінен кейін журналистерге берген сұхбатында. – Бұл бізге жүктелген үлкен міндет және сенім. Біз Елбасының алдында, Қа­зақ­стан халқының алдында өзі­міз­ге жүктелген міндет пен сенімді ақтаймыз.

Комиссия отырысында, сон­дай-ақ Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтері де бекітілді. Қуандық Тұрғанқұлов­тың айтуынша, Ортсайлауком қа­был­даған қаулы бойынша заңға сәйкес облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың депутаттығына кандидат ретінде тіркелген әрбір үміткерге үгіт ша­ралары мен көлік шығыс­та­рына бюджеттен 349 мың теңге, ал қалалық және аудандық мәс­ли­хаттардың депутаттығына кандидаттар үшін 179 мың теңге бө­лінетін болады. Оның сыртында әрбір тіркелген мәслихат депу­тат­тығына кандидат сайлауалды үгіт жүргізу үшін өзінің сайлау қорын да құра алады.

Отырыста Ортсайлауком ал­да­ғы сайлауда қолданылатын сай­лаушылар тізімінің нысаны мен учаскелік сайлау комис­сия­сының сайлау учаскесінің ашы­луы туралы хаттамасының ны­са­нын бекітті және Мәжіліс депу­тат­тарының кезектен тыс сай­лауы бойынша сайлау бюллетеньдерін «Қазақстан Республи­ка­сы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүр­гізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында әзір­ленеді деп шешім қабылдады. Ал мәслихат депутаттарын сайлау бойынша сайлау бюллетеньдерін төрт өңірлік ұйым – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан об­лыстары мен Астана қаласы үшін – Астана полиграфиясы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары үшін – «Арко» ЖШС, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы үшін – «АБК» ЖШС-ның баспаханасы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Оңтүстік Қа­зақ­стан облыстары үшін – «Сенім» баспа орталығы басып шыға­ра­тын болады. ОСК хатшысы Ба­қыт Мелдешовтың хабардар етуінше, барлық бюллетеньдер қа­жет­ті қорғану деңгейінде қам­тамасыз етіледі.

Отырыстан соң өткен брифингте Қ.Тұрғанқұлов БАҚ өкіл­дерін сайлау науқанының бары­сы­мен де таныстырды. Төраға­ның атап өтуінше, қазіргі уақыт­та мәслихаттар депутаттағына 10 кандидат ұсынылған. Олардың біреуін Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттығына кадидат ретінде қоғамдық бірлестік, ал 9 үміткер өз кандидатура­ларын Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатына кандидат ретінде ұсынған. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.