25 Қараша, 2011

Жастар ризашылығы

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының атына Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданының бір топ жастарынан хат келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Хат иелері Елбасы бастамасымен жү­зеге асқан «Болашақ», «Дипломмен – ауыл­ға», «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламалары нәтижесінде жас­тар шет елдерде білім алып қана қой­май, оқу бітіріп келген жас мамандардың жұмысқа орналасуына мүмкіндіктер жа­са­лып отырғанына ризашы­лық­тарын біл­дірген.

Одан әрі: «Сіздің көшбасшы­лы­ғы­ңызбен еліміз небәрі 20 жылда дүние жүзі елдерімен терезесі тең, қуатты мемлекетке айналды. Қазақстан – бүгінде береке-бірліктің киелі мекені. Туған елдің толағай табыстары бізді зор мақ­та­ныш сезімге бөлейді. Өңірлерде жас­тар­ға барлық қамқорлық жасалуда. Жеке кәсібін құрғандарға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Мем­лекеттің келешегі – жастар. Сіздің артқан сеніміңізді, үкілеген үмітіңізді ақтаймыз деген сенімдеміз», деп жазады хат иелері.

Елбасына деген ықыласты сезімдерін білдірген хатқа Ш.Қалдаяқов атындағы ха­лық­аралық байқаудың дипломанты Мадияр Ниязбек, облыстық байқаудың жүлдегері Бо­тагөз Досалиева, самбодан екі дүркін Азия чемпионы Олжа Рысбектегі, бокстан екі дүркін Азия чемпионы Қайыргелді Дәуітбек және «Шамшырақ» жастар ұйымының мүшесі Асқарбек Алиқұлов қол қойған.