Холдинг өкілінің сөзіне сәйкес соңғы 5 жыл ішінде 68 мың несие берілді, оның 30,6% кәсіпкер-әйел агробизнесі үлесінде. Холдингтің еншілес компаниясы «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-да Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен қаржыландырылатын ауылдағы несиелендіру бағдарламасы шеңберінде басымдылық әйелдерге деп көрсетілген. Жалпы, БҰҰДБ бағдарламасы бойынша әйелдерге 103 қарыз берілді – бұл қарыз көлемінің жалпы көрсеткішінің 40,1 пайызы (барлығы 257).
«ҚазАгро» Холдингі әйелдер үшін ауылдағы бизнесін ашуға, жобаларды қаржыландыруға, айналым қаражатын алуға және тағы басқа кәсіпкерлік мақсаттарды жүзеге асыруға әрқашан дайын екендігін Айгүл Мұхамадиева айтып өтті.
2018 жылдың 2 наурызында әйелдер кәсіпкерлігі сұрақтары республикалық конференция барысында талқыланды, аталған шарада Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, даму институттары, қоғамдық ұйымдар мен бизнес өкілдері қатысты.
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрылымына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ енеді.