25 Қараша, 2011

Менің қазақстаным

579 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ЖҰЛДЫЗДЫ ЖИЫРМА КҮН

Бірінші күн (26 қараша ):

МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ

ҰЛАҒАТҚА БАСТАР ҰЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Өмір пәлсафасы әрбір адам­ның қастерлейтін, қасиет тұта­тын нәрсесі болуы керектігін көр­сетеді. Сексеннің сеңгірінен асқан жасымызда, колхоздың есеп­шілігінен, бастауыш мектептің мұғалімінен министр, облатком төрағасы, облыстық партия ко­митетінің бірінші хат­шы­сы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңе­сі Төралқасы­ның төраға­сы­на дейінгі бас­пал­дақтап жү­ріп өткен жо­лымызда біз сияқты аға ұрпақ ел мен жердің, халық пен Отанның қадіріне жетуді өзі­міз­дің парызымыз деп білдік. Әлі де солай. Олай болса, ел қасиеті, ел­діктің белгісі қашанда сол елдің рәміздерінен байқалар болар. Осы орайда Владимир Маяков­скийдің советтік паспорт туралы атақты өлеңі еске түседі. Айта­лық, паспортты жырлаған сол өлең талай буынның бойында отаншылдықты тәрбиелегені анық. Елдің туы желбірегенде, елдің гимні шырқалғанда бойымызды әрқашан шым-шымдап бір мақта­ныш сезімі кернейтін. Сонымен бірге сол кеңес уақытында біздің бейресми рәміздерімізге балан­ған ұлттық құндылықтарымыз бол­мады деп айта алмаймын. Қа­зақ­тың батырлық жырлары, ха­лық әндері, ақындар айтыстары, Абай өлеңдері, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы, тағы бас­қалар ұлттық рухты қалғытпаған құн­дылықтар қатарына жатады. Ал енді еркіндік пен егемендікке қолымыз жетіп, көкірегіміз кеңіп, кеудеміз биіктеген бүгінгі заманда тәуелсіз еліміздің мемлекеттік рәміздері біз үшін қанша­лықты құнды? Осы сауалды әрбір отаншыл азамат өз-өзіне қойып отыруы керек. Шын мә­нінде де Мемлекеттік әнұра­нымыз шыр­қалғанда жүрегіміз тол­қып, Ақор­даның күміс күм­без­ді төбе­сінде желбіреген көк Туымызды көрген сайын көңі­ліміз шалқып, мерейіміз аспай ма. Осы мемлекеттік рәміздер – біздің мақта­нышымыз. Олар біз­дің елдігімізді, мемлекеттігімізді паш етеді. Бұл белгілерде біздің асқақ мүд­­де­леріміз бен биік мақсат­та­ры­мыз тұр. Сон­дықтан, қай кезде де ел­дігі­міз­дің арғы­мағы атойлап, әрбір ақ таңы жарқы­рап атып, шаңы­рағы шай­қал­ма­са екен деп тілейміз. Әлбетте, соң­­ғы жиырма жыл­да еліміздің ардагерлер ұйы­мын басқарған мен үшін қазіргі Қазақста­ным­ның көк байра­ғы, Әнұраны және Елтаңбасы ерекше қымбат. Бұларда ел мен жер­дің тарихы, ұлтымыздың жақсы қа­сиет­тері мен дәстүрлері, ар-на­мы­сы мен парасат-пайымы, бейбітшілдігі мен бірлікшілдігі, ізгі мақсат­тары мен ақ ниеті, бүгінгі бақы­ты мен болашақтағы бағда­ры тамаша көрініс тапқан деп ойлай­мын. Осы рәміздерді сон­ша­­лық­ты мазмұнды да мағына­лы, айбынды да әдемі етіп жасай білген авторларына мың алғыс! Ол рәміздерді жаныңмен ұққан сайын елің үшін, Отаның үшін, қазақ деген халқың үшін шуақты мақтаныш сезіміне бөле­несің. Біле білгенге біздің мемлекеттік рәміздеріміздің замандаста­ры­мыз үшін де, жас ұрпақ үшін де тағы­лымы зор. Олардан біз ұла­ғатқа бастайтын ұлық құнды­лық­тарды көреміз. Ол рәміздерде отан­шыл­дық пен патриоттық тәрбиенің бастау бұлағы жатыр. Кейінгі жастар мен бүлдіршін­дерді сол таза бұлақтың тұнба­сынан молы­нан сусындатқа­нымыз абзал. Мақтай САҒДИЕВ, Қазақстанның құрметті ардагері. Алматы.
Соңғы жаңалықтар