25 Қараша, 2011

Бойтұмар

587 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әнұраным, қыран қанат асқағым, Сәнге бөле Тәуелсіздік аспанын. Жеңістерде шырқалғанда сан мәрте, Рухымызды биіктерге бастадың.   Әр сөзіңнен тарихымды таныдым, Батырлардың қалқанындай қалыбың. Елдік әнім, намысымды қайрадың, Ерге – ұраным, жігерімді жаныдың. Әнұраным, сенде ерек сыр бардай, Жан-жүрегім сезіміңе тұнғандай. Сен шырқалсаң, береке мен бақ тілеп, Желтоқсанның жастары кеп тұрғандай.   Көк байрағым көтеріліп төбемде, Сен шырқалдың асқақ үнмен көп елде. Тәуелсіз ел айналды да әуенге, Бар тағдырым сыйып кетті өлеңге.   Қазағым бар жеңістерін той қылар, Сен дегенде әсем, көркем ой тұнар. Барлық сәтте көңілімде жүретін, Әнұраным, жүрегіме бойтұмар! Саят ҚАМШЫГЕР, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты.