Технология • 04 Наурыз, 2018

«ҚТЖ» техникалық қызмет көрсетуді басқарудың жаңа моделін өндіріске енгізуде

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жылжымалы құрамды жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді басқарудың жаңа моделін өндіріске енгізу ТҚК және Ж» жобасы Компаниядағы бизнесті трансформациялау аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«ҚТЖ» техникалық қызмет көрсетуді басқарудың жаңа моделін өндіріске енгізуде

Жобаның басты мақсаты - жылжымалы құрамды жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді басқару және теміржол инфрақұрылымын дамыту арқылы өндіріс тиімділігін көтеру болып табылады.

«Аталмыш моделді өндіріске енгізу өндірістік активтерді пайдалану мерзіміндегі басқару үдерісіндегі маңызды қадам болып табылады. Өндірістік құралдың жасалған күнінен бастап, оның пайдаланылуы, қолданыстан шығуына дейінгі кезеңдері қамтылады»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Қотырев.

Б. Қотыревтің айтуынша,ТҚК және Ж жобасын жүзеге асыру өз кезегінде жоспарлы жұмыс жасаудан бас тартып, қызмет көрсету шығынын барынша азайтып, өндірістің тоқтап қалуын болдырмау арқылы бірте-бірте экономикалық тиімді қадамдарға көшуде.

Қазіргі таңда өндірістік активтерді оңтайландыру нәтижесі бекітілді. Оның ішінде Магистральдық желіде ТҚК және Ж негізгі жұмысына қатысты емес қазіргі кездегі жағдайына салыстырмалы сараптау жүргізілді. Сонымен қатар мекеменің қызмет көрсетуді басқаруды реттеу құжаттары әзірленді.