Қысқы спорт • 04 Наурыз, 2018

Үржарда шаңғышы Ердоc Ахмадиевтың құрметіне арналған жарыс өтеді

39 реткөрсетілді

Барқытбелдің күнгейіндегі, құт қонған Үржар ауданында қысқы спорт ерекше дамыған. Атақты шаңғышылар Оксана Яцкая, белгілі жаттықтырушы Қайникамал Дүсіпова, шаңғышы Ердос Ахмадиевтың есімі жанкүйерлерге жақсы таныс. 

Ағымдағы жылдың наурыз айының үшінші жұлдызында Үржар ауданының Абай атындағы орта мектебінің шаңғы жолында жерлесіміз, шаңғыдан Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының мүшесі, Сочи Олимпиадасына қатысушы, Олимпиада туын ұстаған, спорт шебері, Азия ойындарына қатысушы, ҚР-ның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ахмадиев Ердос Жексенұлының құрметіне шаңғыдан аудандық чемпионат өткізілді. Бұл бастаманы атақты шаңғышының өзі көтерген.

Бұл жарыс дәстүрлі түрде екінші жыл қатарынан өтуде. Жарысқа 12 команда қатысып, 110-ге жуық бала қамтылды. Жарыстың бағдарламасы бойынша ұлдар – 5 шақырым, қыздар – 3 шақырымда бағын сынады. Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалып, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәрсенхан Қабдолданов сөз алып, үлкен спорттың жанашыры, аудан әкімі Серік Зайнулдинның атынан спортшыларға сәттілік тіледі. Бас төреші С.Алтынбеков жарыстың өту тәртібімен таныстырып өтті.

Жарыс жеңімпаздарына Ердос Жексенұлының арнайы дайынған бағалы сыйлықтары, медальдары мен мақтау қағаздары табыс етілді. Және де Ердос бауырымыз барлық спортшыларға өзінің жолын берсін, өзі жетпеген жетістіктерге жетсін деп,- батасын берді.

Оңдасын Елубай.

Шығыс Қазақстан облысы.

Үржар ауданы.

Суретте: Ердос жерлестерімен.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар