Футбол • 04 Наурыз, 2018

«Астана» үшінші рет Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Астана» үшінші рет Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды

Қазақстан Суперкубогы-2018 матчында «Астана» «Қайратты» 3: 0 есебімен ұтты. «Астана» өзінің тарихында үшінші рет Суперкубокқа ие болды.

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Суперкубогы-2018 үшін «Қайратқа» қарсы өткен ойыннан соң жақсы ойын үшін шәкірттеріне алғыс айтып, елордалық команданың жеңісіне Станимир Стоиловтың қосқан үлесін атап көрсетті.