Бірақ 2018 жылғы бекітілген бюджет бойынша 5,4 млрд теңге ғана бөлінген. Яғни, 3-10 сынып аралығындағы оқушыларды оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуді 100 пайызға жеткізу және кітапхана қорын 20 пайызға жаңарту үшін 2,2 млрд теңге қосымша қаржы қажет.
Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға жалпы сипаттағы трансферттерді (субвенция) есептеу барысында 2018 жылдың 1 қаңтарына 143 702 орынға және жаңа 10 690 орынға 1 балаға 19354 теңгеден 34,4 млрд теңге қаржы және экологиялық аудандарға 1 балаға 3 841 теңгеден республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен 1,6 млрд теңге, барлығы 154 392 орынға 36,0 млрд теңге қаржы бөлінген. Бірақ еліміздің 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы 62 бабының 4-1 тармағына, Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылдың 27 қарашасындағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына қаржыландыру нормативі бойынша 2018 жылғы 154 392 орынға қосымша 15,6 млрд теңге қаржы керек.
ОҚО еліміздегі халық ең көп шоғырланған өңір. Облыстың 844 елді мекенінде 3 млн жуық халық тұрады. Өңірдегі халық санының табиғи өсіміне байланысты жыл сайын 35-40 мектептің құрылысын жүргізу қажеттілігі туындауда. Бірінші кезекте шешуге тиіс мәселенің бірі – білім стандартына сәйкес келмейтін үш ауысымды және апатты мектептер. Осы мәселені шешу үшін білім беру саласы бойынша жалпы құны 6,3 млрд. теңге, жобалық қуатылығы 5 100 орынды құрайтын 9 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген, осыған сәйкес нысандардың құрылысына 2018 жылға 8,5 млрд теңге қаржы қажеттілігі туындауда.
Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы білім саласы мәселелерінің бәрін шешу үшін республикалық бюджеттен қосымша 26,4 млрд теңге бөлінсе саланың одан әрі дамуына оң ықпал тигізетіні анық. Осы мәселелерді алға тарта отырып Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдадық.
Әлімжан ҚҰРТАЕВ,
Сенат депутаты