Қазақстан • 05 Наурыз, 2018

Елбасы Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысты

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. 

Елбасы Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысты

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»

Жиынды ашқан Президент наурыз айындағы мерекелер туралы айтып өтіп, Алғыс күніне ерекше тоқталды. 

"Ізгі оқиғалар Қазақстан халқын біріктіре түседі. Біз Қазақстан халқының бірлігінің арқасында барлық сынақтардан өте алдық. Қазақ халқымен бірге өмір сүріп жатқан басқа этностардың барлығы бағалайды. Бүгінгі таңдаң Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында "Қазақ еліне мың алғыс" монументтері орналарастырылған. Бұл ізгі бастамалар қазақ халқының ашықтығы мен ұлылығын көрсетеді. Оны жадында сақтаған халықтың рухы үнемі биік болады", деді Елбасы.

Сонымен қатар ол өз отбасының да Қазақстанға айдалғандардың бірін паналатқанын есіне алды. 

"Айтуға оңай көрінеді, әрине. Бірақ тауар вагондары отбасыларды әкеліп, бала-шағаларымен далада қалдырып кетті. Сондай кездері біздің үйдің де сондай отбасын қабылдағанын барлықтарыңыз білесіздер. Сондықтан барлық этностардың қазақ халқына алғыс айтып жатқаны ата-бабаларының өсиеті деп ойлаймын", деді Президент. 

Айта кету керек, бірлескен отырысқа Жоғарғы Сот, Үкімет мүшелері толық құрамда, Президентке тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары қатысып отыр. 

Еске сала кетейік, 2 наурызда Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойған болатын.

Гүлнұр Қуанышбекқызы,

"Егемен Қазақстан"