Қазақстан • 06 Наурыз, 2018

Ә.Бектаев: Ауылдың материалдық жағдайын жақсартады

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының барлық бастамалары да халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдауға бағытталып келгені белгілі. Бірақ бүгінгі бастамалардың орны тіпті ерекше, мұны тарихи бастама деп айтуға болады.

Ә.Бектаев: Ауылдың материалдық жағдайын жақсартады

Маған әсіресе қатты әсер еткені – ауыл тұрғындарына деген қамқорлық болды. Біздің халқымыздың 42 пайызға жуығы әлі де ауыл тұрғындары болып есептеледі. Міне, сол халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдауда айрықша қамқорлық жасалғалы отыр. Оларға жеңілдетілген өсім пайызымен жылына 14 мыңға дейін несие берілетін болды. Бүгінгі күнгіден бұл екі есе көп. Кемінде 40 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді деген сөз. Өйткені бір отбасының қарамағында 3-4 адамы болады ғой. Сөйтіп, ауыл тұрғындары қатты серпіліп, өздерінің материалдық жағдайын арттыруға қол жет­кі­зетін болады. Сонымен қатар мені қатты тәнті еткен мәселе – студенттердің жатақ­ха­налармен қамтылуы болды. Қазір грант­пен оқып, жатақханаларда тұрып жатқан­дар негізінен ауыл тұрғындары. Міне, осы та­лапты жастарға қосымша гранттар бөлінуі­мен қатар жаңа жатақханалармен қамта­ма­сыз ету қарастырылып отыр. Әсіресе ауыл­шаруашылық техникаларын игеруге маманданатын жастарға айрықша қамқорлық қарастырылған. Сонымен қатар жалақысы төмен адамдарға салықтық жүктемені азайту бастамасы да халық арасында үлкен серпіліс әкелері сөзсіз. Оның көлемі бұрынғы 10 пайыздан 1 пайызға дейін түсірілетін болды.

Меніңше бұл бастамаларды халық үлкен қуанышпен қарсы алып, қолдайды. Елбасы Үндеуі биылғы Наурыз мерекесі қарсаңында халыққа айрықша тарту болды деп есептеймін.

 

Әли БЕКТАЕВ,

Сенат депутаты,

«Ауыл» партиясының төрағасы