Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданды. Жасыратыны жоқ, ол құжат қабылданғанда, бұл ғасырларға, ұзақ мерзімге арналған дегендей пікірлер де болды. Сол кезеңнің өзінде мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақаламда мен бұл Конституция өтпелі уақыттың заңы болғандықтан, оны екі-үш жылдан соң өзгертуге тура келетіндігін айтқанмын. Оған басты себеп – сол уақытта экономикалық және саяси жағдайлар жиі өзгеріп жатты.
Бірқатар күрделіліктерден кейін жаңа Конституцияны қабылдау туралы мәселе көтеріліп, Елбасының 1995 жылғы 22 мамырдағы қаулысымен Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы туралы Президент жанындағы сарапшылық-консультативтік кеңес құрылды. Оның құрамына барлығы тоғыз адам еніп, олардың алтауы: Ю.Басин, В.Ким, А.Котов, Е.Нұрпейісов, Ғ.Сапарғалиев және мен бар бір топ ғалымдар, сондай-ақ Н.Шәйкенов, К.Колпаков, Б.Мұхамеджанов секілді лауазым иелері мен шетелдік үш сарапшы болды. Біздерді Ата Заңның авторлары дейтіндер де бар, ашығын айту қажет, біздер автор емес, сарапшылармыз. Елбасының жоғарыда аталған қаулысында: «Жұмысты 10 маусымға дейін аяқтау қажет», деп жазылды. Сонда ойлап қарасаңыз, бір айдан да аз уақыт қалған. Әрине, сондықтан біздерге күн сайын таңертеңнен кешке дейін жұмыс істеуге тура келді.
Бұл орайда «Конституцияның авторы кім?» деген орынды сауал туындайтындығы сөзсіз. Ақиқатына келгенде, Конституцияның идеологы – Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы өзінің бір еңбегінде «20 елдің Конституциясын оқып шыққаннан кейін ғана, заңгерлерді шақырғандығын», жазған-ды.
Майдан СҮЛЕЙМЕНОВ, академик.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55