Қазақстан • 07 Наурыз, 2018

Халықтың көңілінен шыққан, жұрт күткен сөз айтылды

299 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Елбасы жұрт әбден күткен бағдарламаларға толы сөзін айтты. Бұл бір өзіндік Жолдау сияқты болып шықты. Екінші жағынан біздің болашағымызға сәуле түсірген, халықтың көңілінен шыққан, жұртты риза еткен Үндеу болған сияқты.


Халықтың көңілінен шыққан, жұрт күткен сөз айтылды

Атап-атап айтқанда, талай елдің арзан несиеге қолы жетпей тұрғанда, оны 7 пайызға түс­іремін дегені өте құптарлық жағ­­дай болды. Және 25 жылға бе­ріледі деген сөз, бүкіл кәсіп­кер­­леріміздің қолын шешкен сияқ­ты. Тіпті осы бастамадан қа­зір­дің өзінде қанаттанып, шағын және орта бизнесін бас­тап кетуге тәуекелге барғысы ке­ле­­тін­дер бірден көбейеді. Бұл жаңа кәсіпкерлерге жол ашып бере­тін жаңа мүмкіндік, ең бас­ты бағдарлама деп айтуға болады.

Осыдан кейін Қазақстанды  2022 жыл­ға дейін толық газбен қамтамасыз ету жоспары жүзеге асы­рылғалы отыр. Осы уақыт­қа дейін еліміз көгілдір отын­мен то­лық қамтамасыз етіл­ген деп ойлайтындар бар. Шын мәнін­де газ­ды пайдаланып отыр­­ған­дар 50 пайыз ғана екен. Оның өзі­нің анық жоспары жасалуы, газ құ­быр­лары қай қаладан қай қа­ла­ға қарай жүред­і, нақты қа­лай іске асады, осының бәрі өзекті.

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай көмір отынынан арылуымыз керек деді. Өйткені ол біздің ауамызды былғап жатыр. Астананың өзінде де көмір отынды пайдаланатындар көп. Қысқасы, көмірден біржолата бас тартып, яки болмаса  сапасын арттырсақ жақсы болар еді.

Елбасының бір сөзі ұнап қалды. Өзіміз де солай ойлап кел­­дік қой. Сарыарқаның сары желі елордамыздың түтінін тазар­­тып отырады деуші едік. Сөйтсек, олай болмай шық­ты. Сарырқаның сары желі кө­ліктер­ден будақтаған көк түтін­ді қуып үлгере алмайды екен. Енді осыдан құтылатын болдық.

Әсіресе, Теміртау қаласының экологиясын жақсы білеміз. Аппақ қардың үстіне қара бояу жағылғандай ауасы лас. Халық қалай күн көріп отыр?

Осының барлығынан да Президент хабардар. Елбасы енді осы түтіннен құтылудың анық жоспарын жасап берді. Пар­ла­менттің қос палатасы осыны қолда­д­ы. Біз де қос қол­дап қолдап отырмыз. Және осы мәселеден құтылудың жаңа жолдары, жаңа тәсілдері атап көрсетілді. 

Сол сияқты студент жастар­дың жатақ­хана мәселесін 2022 жылға қарай толық шешіп боламыз дегені жүзеге асатын болса, Қазақстан еңсесі биік елдің біріне айналар еді. Мен осыған қатты қуандым.

Ал әдебиет пен мәдениеттің әңгі­месі бұрыннан да айтылып келеді. Алдыңғы жолдаулардың бәрінде қамтылды. Алайда алдымен халықтың әл-ауқаты, алды­мен экономика көш бастауы керек.

Біз өз бағдарымызды әлеу­мет­тік мемлекет ретінде қайта қарастыруымыз қажет. Ол үшін жалақысы төмен адамды салықтан біржолата  босату немесе айлық көлеміне қатысты көлемін азайту көп адамға демеу болады. Мұндай жеңілдіктер талай жанның тіктелуіне сеп­теседі. Қуанған да, қолдаған да бастаманың тағы бірі осы!

Айтқандай, Елбасы оқу орындары, білім саласына қа­тысты қордаланған мәсе­­ле­лерді реттеуді анық тапсырды. Өйткені білім саласы мен Ұлттық ғы­лым ака­дем­иясының айналасында дау көп. Қазақ ғылымы үш жылда бір-ақ рет бері­летін грантқа қарап қалды деген сөздің жаны бар. Ғалымдарды шулата бермеу үшін осының бәрін қайта қарайтын кез әбден келді. Артық, орынсыз айтыла беретін дау-дамайға тоқтау салу үшін ғылым мен білім саласына қосымша грант беру мәселесі түбегейлі шешілетін болды.

Сон­дықтан бұл саланың да көңілін көншітіп, қажеттіліктерін қанағаттан­дыратын іргелі бастамалар қолға алынды.

Ең бастысы, халықтың алдында жария етілген Үндеу толы­ғымен жүзеге асады деп сенеміз. Үкіметке де нақты тапсырмалар берілді. Қал­ған үмітіміз енді – Үкіметте!   

Дулат ИСАБЕКОВ,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург

АЛМАТЫ