Қазақстан • 08 Наурыз, 2018

Адам капиталы – ең басты ұлттық ресурс

1098 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Парламент палаталарының бірлескен отырысында  халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі елдің әлеуетін көтеретін тарихи қадам болды.

Адам капиталы – ең басты ұлттық ресурс

Қазақ ұлттық аграрлық уни­вер­ситетінің ұжымы Елбасы Үндеуіндегі маңызды бес бас­таманы қолдап, онда айтылған шешуші мәселелерді ерекше ықы­ласпен қабылдады. Прези­дент анықтап берген ұтым­ды ұсыныстар барша қазақ­стан­дықтардың өмір сүру деңгейін жақ­сартып, халықтың әл-ауқа­тын көтеруге бағытталған. Осы орайда, Үндеудегі жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жас­тардың жатақханадағы жағ­­дайын жақсарту, шағын не­­сие кө­ле­м­ін көбейтуге қатыс­ты үшін­­­ші ұсы­нысқа ерекше тоқ­талып өтсек.

Мемлекеттің кемел келеше­гін қамтамасыз ететін негізгі ресурс – ол адам капиталы. Алай­­да бұл ресурстың мұнай, газ және басқа да пайдалы қаз­ба байлықтары сияқты қайта қалпына келтірілмейтіні табиғи заңдылық. Дегенмен ең басты ұлттық ресурс саналатын адам капиталын дамыту мақсатында мемлекетіміз барлық жағдай­ды жасап отыр.

Үндеуде, биылғы оқу жы­лын­да студенттерге арналған білім беру гранттарын 20 мың бірлікке көбейту жөнінде нақты тапсырма берілді. Оның 11 мыңы ақпараттық технология, робот-техника және нанотехнологиялар саласындағы инженер мамандарды оқытуға бағытталмақ. Бұған қоса техникалық және ауылшаруашылық маман­дық­тары бойынша барлық жоғары оқу орындары гранттарының құнын ұлттық жоғары оқу орын­дарының гранттары деңгейіне дейін көтеру көзделіп отыр. Бұл қадамды Қазақстандағы адам капиталын арттыруға салынатын интеллектуалды инвестиция деп қабылдағанымыз дұрыс. Осындай стратегиялық бастамалар арқылы мемлекет жастарға ерекше қамқорлық көрсетуде.

Қазіргі уақытта ел эконо­ми­касын жандандыру үшін бірінші кезекте әлемдік нарықта экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті, сапалы өнім көлемін мол­айту, азық-түлік қауіпсіздігін қам­­тамасыз ету міндеті тұр. Сон­­­д­ықтан респуб­лика­мыздың агр­о­­өнеркәсіп кешенін «ақылды тех­­но­логия­лар» арқылы дамытуды іске асыру кезек күттірмей­тін өзек­ті мәселе болып тұр. Бұл рет­­те мемлекет, әсіресе, елі­міз­дің жар­­қын болашағына қыз­мет ете­­тін жастарға үлкен сенім артуда.

Университет Елбасының ұсы­ныстарын қолдай отырып, «Агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлы технология» деп аталатын жаңа мамандық ашу бо­йынша жүйелі жұмыстар жүр­гізіп келеді. Жаңа білім мен ин­­нов­ациялық технологияларды тартып, Қазақстан жағдайы­на бейімдеу мақсатында университетте отандық агроөнер­кәсіп­тік кешенге цифрлы жүйе енгізуді қамтамасыз ететін «Си­туа­ция­лық орталық» жұ­мыс істейді. Бұл бағытта бар­лық ма­мандықтар бойынша агро­­бизнесті ұйымдастыру, кәсіп­кер­лікті басқару, биоэкономика, биоинформатика, жобаларды басқару сияқты жаңа пәндер, «Ауылшаруашылық ғылымдары», «Ветеринария» мамандықтары бойынша «Мо­лекулярлы биология негіз­дері» пәндері енгізілді. Бұл Елба­сы анықтаған «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағ­дайын­дағы жаңа экономикада» зор сұранысқа ие болатын кәсіби біліктілігі жоғары, заманауи технологиялармен қаруланған жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді. Ал «ақылды техниканы» меңгеріп, басқара алатын жаңа буындағы озық мамандарды дайындау үшін жоғары оқу орындары бүгінгі заман талаптарына сай өз инфрақұрылымдарын жаңғыртуы қажет.

Бүгінгі таңда Қазақ ұлттық аграрлық университеті тағам қауіп­сіздігі, топырақтану және агрохимия, жылу энергети­ка­сы, биотехнология сияқ­ты 11 ма­мандық бойын­ша және мем­лекеттік индус­трия­­­лық-ин­но­вациялық даму бағдарламасы бойынша мамандар дайындауды іске асырып отырған республика көлеміндегі 10 белді жоғары оқу орны санатына енген. Аталған мамандықтар бойынша жасалған модульді бағдарламалардың жұ­мыс берушілердің сұранысын қанағаттандыра алатын инно­вациялық бейіндігі бар.  Осы бағыттағы жұмыстарды тиімді жүргізу мақсатында университетте жаңа 11 лаборатория ашылды. Оның ішінде «Жасыл эко­номика» және клеткалы ин­женерия» зертханасын ерек­ше атауға болады. Онда ауыл­шаруа­шылық жануарларын баға­лаудың кешенді түрдегі молекулалық-генетикалық са­рап­тамасы, генетикалық моди­фикацияланған жануарлардың мониторингі, отандық селекция нәтижесінде шығарылған және шетелден әкелінген асыл тұқымды малдардың қауіп­сіз­­­дігін бағалаудың әдістем­е­лерін жасақтау мен бекіту, асыл тұқымды жануарлармен моле­кулалық-генетикалық деңгейде жұмыс жасаудың нормативтік құжаттарын түзу сияқты өзекті мәселелер қолға алынуда.

Университетімізде Қазақ­стан­ның агроөнеркәсіптік кешенін технологиялық жаң­ғыр­туға ықпалдасу мақ­сатын­да Қазақстан – Беларусь агро­ин­женерлік инновациялық орта­лығы жұмыс істейді. Оның қыз­­меті аграрлық саладағы тех­ника «тілін» меңгерген, сапа­лы инженерлерді даярлауға бағыт­талған. Қазірдің өзінде ауыл­шаруашылық дақылдарын өң­деп, өсіруге арналған трактор­лар, комбайндар және ауыл­шаруа­шылық машиналарын зерттеу үшін он оқу зерт­ха­насын құру жұмыстары аяқ­талуда. Мұның барлығы универ­си­теттің мемлекет қойған талап-мін­дет­тер негізінде тиімді де нәти­желі жұмыс атқарып жатқан­дығы­ның айқын көрінісі.

Бүгінгі күні еліміздің Ауыл шаруашылығы министр­лігі­нің ұсынысымен республи­камыздағы екі ғылыми-зерт­теу институтын: Картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ мен Жеміс және жүзім шаруа­шылығы ҒЗИ-ды ҚазҰАУ-ға сенімді басқаруға беру туралы шешім қабылданды. Бұл отандық агроөнеркәсіптік ке­шенді ауқымды жаңғырту бойынша Елбасы тапсырмасын жүзеге асырудағы ғалымдардың қосар үлесін молайтуға септігін тигізбек.

Үндеуде Мемлекет басшысы мемлекет-жекеменшік әріптестігінің қатысуымен 75 мың орынға арналған студенттік жатақханаларды 2020 жылға дейін салуды жоспарлағанын атап өтті. Бұл ретте Білім және ғылым министрлігі жатақхана құрылысына бағытталған инвес­­тиция бөлігін бірте-бірте қай­таруға кепіл береді. Бұл, әсіресе, 99%  ауыл балалары білім алатын біздің университетіміз үшін қуана қабылдайтын жаңа бастама болғаны анық. Бүгінгі таңда университетімізде жатақханаға мұқтаж студенттердің 40%-ы ғана жатын орындармен қам­­тамасыз етілген. Есептік көрсет­кіштер бойынша студент­тер және жас ғалымдарды жатақ­хана­мен толық қамтамасыз ету үшін қосымша 27 мың шаршы метр қажет.

Университет оқытушы­лары­ның көп бөлігін жас ғалымдар құрайды. Олардың көпшілігі бас­панамен қамтамасыз етілмеген. Елбасы Үндеуіндегі әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беруге қатыс­ты бірінші бастамасы, әсіресе, жас отбасылардың  баспаналы болуы үшін жасалып отырған оңтайлы қадам екенін атап өтуіміз керек. Елбасы ұсынған әлеуметтік маңызы бар «7 – 20 – 25» бағдарламасы халықты тұр­ғын үймен қамтамасыз етудің ең тиімді тетігі деп есептеуіміз керек. Мемлекет басшысы атап өткендей, «Несие өсімінің мөл­шер­лемесі қазіргідей 14-16% емес, жылына 7%-дан ас­пай­тын болады, ал бастапқы жарна баспана құнының 20%-нан аспауға тиіс».

Қорыта айтқанда, біздің мақсатымыз – ауыл-ауылдардан келген студенттерімізге тиісті білім беріп қана қоймай, оларды ел мен жердің қасиетін бағалайтын ұлт зиялысына айналатын тұлға ретінде қалып­тастыру. Сондықтан Ел Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаевтың жоғарыда аталған бастамалары міндетті түрде тәуелсіз Қазақ­­станның қазіргі заман талап­тарына сай әлеуметтік-эконо­микалық дамуына жаңа серпін берері сөзсіз.

Тілектес ЕСПОЛОВ,
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҰҒА академигі