26 Қараша, 2011

Білімдегі интеграция серпіні

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматыда ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Білім және ғы­лым министрлігі мен Қазақ ұлт­тық аграр­лық университетінің ұйым­дастыруы­мен «Халықаралық ғылым мен білім қоғамдастығына серпінді интеграциялау» атты ха­лықаралық семинар өтті. 70 мемлекеттен делегаттар қатысқан екі күндік жиында ұлттық компаниялар, жоо және ғылыми мекеме­лер­дің, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар­дың өкілдері әлемдік білім беру жүйесі мен ғылыми кеңіс­тігінде универ­си­тет­ара­лық және ғылыми орталықтар арасындағы белсенді бірыңғай байланысты дамытуға қатысты резолюция қабылдады. Алдымен семинарға қатысу­шы­лар ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «ҚазҰАУ: білім мен ғылым­дағы инновациялар» көрмесімен та­ны­сып, онан соң «Center of Excel­lence1» модельдік академиялық ұт­қыр­лық орталығының ашылуына және «Tive to study» тіл орталығының тұсаукесер рәсіміне куә болды. Сон­дай-ақ қонақ­тар­дың қатысуымен бір мезетте бірнеше елдің жоғары оқу орындарымен «Глобалды класс. Серіктес жоо-лармен байланыс орнату» оn-line тәртібіндегі бейне-конфе­рен­циясын өткізді. Пленарлық мәжілісті ҚазҰАУ-дің ректоры Тілектес Есполов ашып, ал­қалы жиынның мақсатына тоқтал­ды. Үш тілде өткен жиын аясында панельдік сессия жұмыс істеді. Соны­мен қатар же­текші сарапшылар семи­нарға қа­тысушыларға және ҚазҰАУ факультеттерінде әртүрлі бағыттарда шеберлік-сыныптарын өткізді. Семинар бағдарламасында Тәуелсіз­дігінің 20 жылдығына арнал­ған ҚазҰАУ студенттер ұйымы дайын­даған «Тәуел­сіз елім – тағды­рым» атты мәдени шара көрсетілді. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.