Бағдарламалар • 12 Наурыз, 2018

«7 – 20 – 25» бағдарламасы әрбір отбасына жасаған қолдау

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда халықтың әл-ауқатын көтеру мәселесіне ерек­ше маңыз беріліп отыр. Соның ішінде әрбір азаматты толған­дыратын маңызды мәселе – пәтер, тұрғын үй.

«7 – 20 – 25» бағдарламасы әрбір отбасына жасаған қолдау

Елбасы айтқан «7 – 20 – 25» бағдарламасы ізгі бастама екені анық. Осыған сәйкес, 7 пайыздық несие бо­йынша бастапқы салымның көлемі 20 пайызды құрамақ. Несиелер 25 жылға дейін бері­ле­ді. Мұндай бастама халық­­­­тың әлеуетін көтеруге бағыттал­­­ған. Бұл – әрбір отбасына үлкен демеу, үлкен қолдау болаты­ны анық.

Елдің ертең – жастар! Білім­ге бөлінетін қосымша 20 мың грант келешекте әр­бір жастың кірпіш болып қалануына нақты бастама. Қала берді, жатақхана мәселесі шешімін тауып, сту­дент­тер 2022 жылға дейін 25 мың орынмен қамтамасыз етіл­мек. Мұның бәрі – ерекше жағдай.

Халықтың бизнес бастауы­на жағдай жасау мақсатында шағын несиенің жал­пы көлемі екі есеге көбе­йіп отыр. Бұл әрбір іске мұ­рын­дық болатын­дай бас­тама. Сон­дықтан бүгін­гі күн толқынысқа толы, тағдыр­шешт­і күн десек а­ртық емес. Мұны халыққа жет­кізіп, халық­тың арасында тү­сін­діру жұмыстарын жүргізу қажет. Парламентке бері­ліп отырған тапсырма – осы баста­маларды заңмен ұштас­тыру. Елба­сының бес бастамасы ха­лықтың әлеуметі мен әлеуетін көтеретін оңды бағыт деп айту­ға толық негіз бар.

Бақытгүл ХАМЕНОВА,

Мәжіліс депутаты