Елбасы айтқан «7 – 20 – 25» бағдарламасы ізгі бастама екені анық. Осыған сәйкес, 7 пайыздық несие бойынша бастапқы салымның көлемі 20 пайызды құрамақ. Несиелер 25 жылға дейін беріледі. Мұндай бастама халықтың әлеуетін көтеруге бағытталған. Бұл – әрбір отбасына үлкен демеу, үлкен қолдау болатыны анық.
Елдің ертең – жастар! Білімге бөлінетін қосымша 20 мың грант келешекте әрбір жастың кірпіш болып қалануына нақты бастама. Қала берді, жатақхана мәселесі шешімін тауып, студенттер 2022 жылға дейін 25 мың орынмен қамтамасыз етілмек. Мұның бәрі – ерекше жағдай.
Халықтың бизнес бастауына жағдай жасау мақсатында шағын несиенің жалпы көлемі екі есеге көбейіп отыр. Бұл әрбір іске мұрындық болатындай бастама. Сондықтан бүгінгі күн толқынысқа толы, тағдыршешті күн десек артық емес. Мұны халыққа жеткізіп, халықтың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Парламентке беріліп отырған тапсырма – осы бастамаларды заңмен ұштастыру. Елбасының бес бастамасы халықтың әлеуметі мен әлеуетін көтеретін оңды бағыт деп айтуға толық негіз бар.
Бақытгүл ХАМЕНОВА,
Мәжіліс депутаты