Атап айтар болсам, «7 – 20 – 25» бағдарламасы ол − жастарымыздың, жас отбасылардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыра түсері анық. Ал үшінші бастамада жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту мәселесін Елбасы Білім және ғылым министрлігіне 2022 жылға дейін түбегейлі шешуді тапсырды. Жатақхана мәселесі шешілетін болса студенттер білім мен ғылым жолында еш алаңсыз еңбектенеді деген сенімдемін.
Сонымен қатар жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлінетін болды. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі. Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді деді Мемлекет басшысы.
«Еліміздің көңілі жайлы, тұрмысы майлы болады», деген Президент Н.Назарбаев Үндеуі ел көңіліне зор сенім ұялатты деп есептеймін.
Дария ҚОЖАМЖАРОВА,
ТарМПУ ректоры,
ҰҒА академигі, профессор