Қазақстан • 12 Наурыз, 2018

Жақсылықтардың жалғасы

459 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының «Пре­зи­денттің бес әлеуметтік бас­тамасы» атты Қазақстан халқына Үн­деуі халықтың әлеуметтік қам­­тылуына, әсіресе жастар жағ­дайына баса назар аударуымен ерекшеленеді. 

Жақсылықтардың жалғасы

Бірінші бастамадағы «7 – 20 – 25» бағдарламасы, яғни тұр­ғын үй алу барысында несие­нің пайыздық мөлшері 7 па­йызға және алғашқы төлемі 20 пайызға түсіріліп, оны 25 жылға дейін төлеуге мүм­кін­дік беріп отыр. Бұл өз кезе­гінде біздің өңірімізде кезекте тұрған мыңдаған адамға, осы бағдарлама арқылы тұрғын үй алуға жол ашады. Сонымен бірге өңірде тұрғын үй құ­ры­­лы­­сы­­ның дамуына үлкен сер­пін бере отырып, өңірдің дамуына, ша­ғын орта бизнес­тің өріс­теуіне және жаңа жұмыс орын­­дарының ашылуына мүм­кін­дік береді.

Елбасымыз екінші бас­та­­­масын­да жалақысы төмен қазақ­­стан­­­дықт­арды қолдау үшін са­лық жүк­темесін 10 есеге азай­­­тып, 1 пайыз ғана салық салу­­­­ды ұсынды. Бұл жалақысы аз Қазақ­стан азаматтары үшін үл­­­кен қол­дау. Нарық бағасы ай­­лық айыр­­­ма­шылықты алға тар­тып отыр­ғаны жасырын емес, осы тұрғы­дан алғанда бұл мә­се­ле­­нің салық саласында ескер­іл­гені дұрыс-ақ.

Үшінші бастамада студент жастардың жатақханадағы жағ­дайын жақсартуды, сонымен бірге жастардың оқу ақысын төлеуде жеңілдік болу үшін, қосымша 20 мың грант бөлуді ұсынды. Бұл өңіріміздегі ден­­саулық, білім саласында қажетті мамандармен қамта­масыз етуге, қажетті тех­ника­л­ық маман­дарды тартуға мүм­кіндік береді. Сонымен бірге облыс орталығы – Ақтау қа­­ла­­сын­­дағы сту­дент­терді жа­тақха­на­мен қам­туға, олар­дың жа­қ­сы білім алуы­на, тұрмыс жағ­да­йын жақ­сартуға жол ашады.

Сондай-ақ шағын несие беру­ді көбейту бастамасы жаппай кәсіп­керлікті дамытуға, әсіресе ауыл­дағы жастарды кәсіп­кер­лікке баулуға сеп болады. Бұл нарықтық экономика талабы, ел дамуы, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы үшін маңызды мәселе. Кәсіп­керлерді қолдау қоры ар­қы­лы шағын несие беру әрбір аза­мат­қа өзінің кәсібін ашып, мүм­­к­ін­дігін іске асыруға тиімді болары сөзсіз.

Бесінші бастама ретінде елді газбен қамтамасыз етуді жал­ғас­тыру жайы айтылды. Бұл – еліміз үшін өзекті мәселе. Біздің облысымыз толықтай газбен қамтылғанымен, орталық және солтүстік өңірлер әлі де газсыз отыр. Барлық өңірді газбен қамту қазақстандықтар үшін қуанышты хабар екендігі сөзсіз. Оның ішін­де елордамызды, биыл 20 жыл­дық мерейтойы тойланғалы отыр­ған Астана қаласын газдандыру­ды, экологиялық жағдайын жақ­сартуды Маңғыстау жұрт­шы­лы­ғы бірауыздан қолдайды.

Серікбай ТРҰМОВ,

Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы

Маңғыстау облысы