26 Қараша, 2011

Ықпалдастыққа әркез әзір

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми ТүркПА-ның Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының отырысына қатысу үшін Астанаға келген Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының делегация мүшелерімен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қ.Мәми түркі әлемі халықтарының ара­сын­дағы мәдени-рухани байла­ныс­тарды нығайтуға жәрдем­де­сетін шараларға қатысқаны үшін парламентшілерге алғыс айтты. – «Парламент Сенаты бауыр­лас мемлекеттер арасындағы екіжақты және көпжақты түрдегі парламентаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етуге әзір», – деді Төраға. Былтырғы қазан айында түр­кі­тілдес елдердің Қазақстанда болған алғашқы саммитінің нә­тижелерін жоғары бағалай келіп, Төраға түркітілдес елдер ық­палдастығының одан әрі те­реңдей түсуіне тілектестігін білдірді.