EQAR — 2005 жылдан бастап сапа кепілдігінің ашықтығын арттыру және еуропалық елдер аумағында жұмыс істейтін агенттіктер туралы ақпарат беру арқылы еуропалық жоғары білім беру кеңістігін одан әрі дамытуды қамтамасыз ететін негізгі ұйым. 2017 жылғы 20 маусымда Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі Тіркеу комитетінің шешімімен Білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тізіліміне енгізілді. EQAR-ға қосылу — аккредиттеу органдарының ең үлкен жетістігі және оларды мойындау белгісі деуге болады. Бүгінде Еуропалық сапа кепілдігінің тізіліміне 22 елдің 44 агенттігі кіреді.
Қазақстан Болон процесіне қатысатын әлемнің 48 елінің ішінде 23-ел болды. АРТА танылған агенттік мәртебесін алуы оның жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келуінің дәлелі әрі сенім куәлігі болып табылады.
АРТА және EQAR халықаралық семинары Қазақ ұлттық хореография академиясы негізінде ұйымдастырылды.
EQAR президенті Karl Dittrich, Нидерланды жоғары білім беру инспекторатының директоры Hendrik Michael (Erik) Martijnse, АРТА директоры Алина Бақытжанқызы Жұмағұлова және АРТА сараптама кеңесінің төрайымы Марина Александровна Скиба семинардың басты спикерлері болады.
Халықаралық семинардың негізгі мақсаты — ҚР ЖОО-ларын сыртқы бағалау бойынша кәсіби қауымдастықты қалыптастыру және Болон процесінің соңғы үрдістерін түсіндіру үшін АРТА сарапшыларының біліктілігін арттыру.
Семинарда келесі мәселелер қарастырылады:
Болон процесін дамытудың маңыздылығы мен ілгерілеуі;
Білім сапасын қамтамасыз етудегі EQAR рөлі;
Саясат және университеттер: проблемалар мен сапаны қамтамасыз ету жолдары;
Сыртқы сапа кепілдігі бойынша есепті қалыптастырудың тәсілдері;
Білім беруді бағалау және есептерді даярлау сапасы;
Аккредиттеу жұмыстарын жүргізудегі сарапшылардың рөлі;
Аталған халықаралық семинар сараптау қауымдастығына білім беру бағдарламаларын жоғары деңгейде бағалауға және тәуелсіз халықаралық аккредиттеу үрдісінде өздерінің кәсіби дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді. Халықаралық семинардың соңында сарапшыларға біліктілікті арттырғандары туралы сертификаттар беріледі.