26 Қараша, 2011

Сайлауалды бәсеке ізетті болуы тиіс

389 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Кеше Астанада Орталық сайлау ко­мис­сиясының ұйымдастыруымен Парламент Мәжілісі депутат­тары­ның кезектен тыс және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес болып өтті. Оның жұмысына облыстық, Астана мен Алматы қалалық сайлау комиссияларының төр­аға­ла­ры мен хатшылары, облыс­тар­дың, Астана және Алматы қа­ла­ларының әкімдері аппара­ты­ның сай­лау мәселелеріне жауапты қызметкерлері, Орталық сайлау комиссиясының өңірлер­дегі өкілдері, Қазақстан Рес­публикасындағы саяси пар­тия­лардың, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ сайлау саласында қызмет ететін халықаралық ұй­ымдардың өкілдері қатыс­ты. Орталық сайлау комис­сия­сының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов өз сөзінде атап өткендей, алдағы сайлаудың ерекшелігі, бұл – электора­т­тық үдерістің негізгі кезең­дері, әсіресе, үгіт науқаны мерзімі бойынша ел Тәуел­сіздігінің 20 жылдығына әзір­ліктің аяқталуымен және мерейтойды атап өту күн­дерімен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл жағдай сайлау ор­гандарына және барлық сайлау үдерісіне қатысушы­лар­ға ерекше жауапкершілік жүктейді. Ал сайлауды ұй­ым­дастырушылардың мақса­ты – кейбір түсініспеушілік­тер­дің орын алуына жол беретін жағдаяттардың алдын алу, сайлау заңнамасын бұзу әрекеттеріне қарсы уақтылы және табанды шаралар қол­дану болып табы­лады. «Ме­ніңше, барлық сайлау үде­рісіне қатысу­шы­лардың іс-әрекеті тек біріктірушілік сипатта болуы тиіс. Сай­лауалды бәсеке өркениетті әрі ізетті болуы керек», деді төраға осы туралы. Ортсайлауком басшысы бұдан кейін Орталық сайлау комиссиясы тарапынан атқа­рылған жұмыстарға тоқтал­ды. Қуандық Тұрған­құлов­тың хабардар етуінше, қа­зіргі кезде партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутат­тығына кандидаттар ұсыну үдерісі жүріп жатыр. Бұл үдеріс 5 желтоқсанда аяқта­лады. Сондай-ақ мәсли­хат­тар депутаттығына кандидаттар ұсыну үдерісі де жал­ғасын табуда. Ортсайлауком сайлау кампаниясы бастал­ғаннан бері қажетті норма­тивтік-құқықтық актілерді, сайлауларды әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі ша­ралардың Күнтізбелік жос­па­рын дайындап, оларды жер­гілікті жерлерге жіберді. Сайлауларды ақпараттық жа­ғынан қамтамасыз етудің жос­пары дайындалып, жү­зе­ге асырылуда. Республи­ка­лық телеарналар эфиріне ор­наластыру қамтамасыз етіл­ді. Сайлау науқаны ба­ры­сында осындай 20-ға жу­ық ролик шығару жоспар­ланған. «Сондай-ақ біз сайлау­лар­ды әзірлеу және өткізу мәселелеріне арналған өңір­лік семинарлар өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді ОСК төрағасы әрі қарай. – Жақын арада Үкімет сайлау кам­панияларын қаржыландыру мәселесін шешетін болады. Барлық сайлау комиссия­ла­ры қаржылық тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Сайлау өткізуге бөлін­ген қаражатты орынсыз шы­ғындауға жол бермеуіміз қа­жет. Үкімет резервінен бө­лін­ген қаржының барлық шы­ғындарын төлеуді 2011 жылғы 25 желтоқсанға дейін аяқтауға міндеттіміз. Ал 2012 жылға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шығындарын төлеуді біз келесі жылдың 15 ақпанына дейін аяқтауымыз керек». Қуандық Тұрғанқұлов, сон­дай-ақ Мәжіліс депутат­тары сайлауы мен мәслихаттар де­­путаттары сайлауына қа­жет­ті сайлау бюллетеньдерін ба­сып шығару, сайлау комис­сиялары мүшелерін оқыту, сай­лаушылар тізімін дайын­дау мәселелерін ортаға сал­ды. Төрағаның атап өткенін­дей, учаскелік сайлау комис­сиялары сайлаушылар тізімін сайлауға 15 күн қалғанға дейін, яғни 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін танысу үшін ұсынуы қажет. Сайлауком төрағасы отандық және халықаралық байқаушы­лар­ды сайлауларды әзірлеу және ұйымдастыруға қатысты қа­жетті барлық ақпараттармен қамтамасыз ету қажеттігін де атап өтті. Семинар-кеңесте ОСК төр­ағасының орынбасары Вла­димир Фоос Парламент Мәжі­лісінің және мәслихатта­ры­ның депутаттарын сайлау­дың заңдық нормалары және оны өткізу ережелері тура­лы, ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов Парламент Мәжі­лісінің және мәслихат­тары­ның депутаттарын сайлауды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері туралы, ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутат­та­рын сайлауда қазақстандық, халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу тәртібі және олардың өкілеттіктері тура­лы, ОСК мүшесі Ләззат Сү­леймен Парламент Мәжілі­сінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды ақ­па­раттық қамтамасыз ету мә­селелері туралы, ОСК ап­паратының қаржы-бақылау бөлімінің меңгерушісі Маржан Мұхаметова Парламент Мәжілісінің және мәслихат­та­рының депутаттарын сай­лауды қаржылық қамтама­сыз ету мәселелері жөнінде кеңінен таныстырып өтті. Жиын барысында қозғал­ған мәселелердің барлығы өзекті болып табылады. Сон­дықтан да оған қатысу­шы­лар сайлау науқанының қа­зіргі кезеңдегі бірлескен жұ­мысының маңызды бағыт­тары­ның бірі ретінде барлық сайлау үдерісіне қатысушы­лардың сайлау заңнамасы нормаларының мүлтіксіз ор­ын­далуын қамтамасыз ету қажеттілігін ерекше атады. Өйткені, сайлаудың ойдағы­дай өтуі оны ұйымдас­ты­рушылардың құқықтық сауат­тылығына тікелей байланыс­ты. Семинар-кеңеске қаты­су­шылар жоғарыда аталған мәселелерді талқылау ба­ры­сында сайлау үдерісін ұй­ым­дастыру аясында жүр­гізі­летін жұмыстардың тиімділігін арттыруға байла­нысты бірқатар ұсыныстар да айт­ты. Мұндай ұсы­ныс­тар мен ұсынымдар сай­лауға қатыс­ты іс-ша­ра­ларды қалыптас­тыруға мүм­кіндік береді. Жиында Орталық сайлау комиссиясының басшылары мен  мүшелері қатысушылар тарапынан қойылған сұрақ­тарға тұшымды жауаптар қай­тарды. Алдағы уақытта осындай семинар-кеңестер мен тренингтер еліміздің бар­лық өңірлерінде өткізі­летін болады. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.