Қазақстан • 13 Наурыз, 2018

Бес әлеуметтік бастама – жастарды қолдаудың ауқымды жобасы

398 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы тарапынан ұсынылған бес әлеуметтік бастама, жалпы алғанда, ол халықтың ең нашар қорғалған топ­тары­­ның мәселелерін шешуге бағытталған. Шын мәнінде, бұл қа­зіргі кезде шынымен қажетті және уақтылы болып тұр. 

Бес әлеуметтік бастама – жастарды қолдаудың ауқымды жобасы

Басқаша айтқанда, аталған мәселелер жай ғана мем­ле­кеттің әлеуметтік жауапкершілігінің бейнесі мен мін­деттердің ағымдық орындалуы емес, бұл дәл қазір адам­дарға қажет болып тұрған жағдаяттар.

Мемлекет басшысының әлеуметтік бастамалары жас­тар саясатын нақты іске асырудың теңдессіз шаралары екенін атап өткен жөн.

Жекелей алғанда, жас отбасыларды қолдау үшін сапалы жаңа әлеуметтік ипотека ұсынылды. Орташа статис­тикалық тұрғынның қаржылық жүктемесі мен шынайы мүмкіндіктері тұрғысынан қарағанда, «7 – 20 – 25» бағдарламасы барынша икемді тетік. Мұндай амалмен бір уақытта бірнеше мәселені шешуге болады.

Біріншісі – банк секторын қолдау және жандандыру. Түптеп келгенде, Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің арзандау бағытына қарай өзгеруінің бастамасы қалануда. Яғни пайыздардың төмендігі мен заемдардың ұзақ мерзімділігі. Осы күнге дейін осындай артықшылыққа ие болған тек мемлекеттік Тұрғын үй құрылыс жинақ банк еді. Бірақ мұның өз шарттары бар екенін ескеру қажет, оның негізінде «өзара жәрдемдесу кассасы» қағидасы жатыр.

Енді арзан ипотека беруге екінші деңгейлі банктер де қосыла бастайды.

Екіншіден, барлық тұрғын үй құрылыс нарығы жан­дана­ды. Бірінші кезекте мұнда мемлекет тарапынан осы сала­­дағы жұмыс орнының қысқаруын болдырмауға тал­­пы­ныс жасалуы өте маңызды болып тұр. Осы әлеуметтік тәуе­к­ел­дер таяу жылдарда өз нәтижелерін көрсететін болады.

Сонымен қатар тұрғын үй құрылысымен бірге түрлі салалық өндірістер де дамиды. Бұл өз кезегінде жастар үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.

Оразғали СЕЛТЕЕВ,
Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) жетекші сарапшысы