Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жетекші сарапшылары – саясаттанушылар, экономистер, әлеуметтанушылар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жария еткен «Президенттің бес әлеуметтік бастамалары» Үндеуінде халықтың жағдайы төмен топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, жалақысы төмен қызметкерлер үшін салықты азайту, қазақстандық білім беру жүйесінде оңды ілгерілеуді ынталандыруға бағытталған жоғары білім сапасы мен қолжетімділігін арттыру, елдің орталық және солтүстік өңірлеріндегі экологиялық жағдайды жақсарту мен дамытуға бағытталған газдандыруды жалғастыру сияқты әлеуметтік маңызы бар мәселелерге мән берді. Жаңа әлеуметтік саясат жүргізудің нәтижесі ұзақ мерзімді нәтиже беріп, әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді», деді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Мәдина Нұрғалиева.
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Берік Әбдіғалиұлы аталған институттың негізгі міндеті ел ішіндегі саяси-әлеуметтік мәселелерге жан-жақты талдау жүргізу екенін тілге тиек етіп, Елбасы ұсынған бастаманың негізгі ерекшеліктеріне тоқталып, бүгінгі таңда мемлекетіміз дамып, экономикалық әлеуетіміз көтеріліп, біраз жетістіктерге жеткенін атап өтті.