Отырыс барысында ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі шаралар жоспарының жобасы қаралды, ол ұйымның инновацияларды, шағын және орта бизнесті дамыту, инвестициялық саясатты жетілдіру және өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру бағыттары бойынша ұсынымдарын жүзеге асыруды қарастырады. Сондай-ақ мемлекет-жекеменшік әріптестігі негізінде ХҚҰ-мен бірлескен жобаларды іске асыру барысы талқыланды.