26 Қараша, 2011

Мақсат – мәдени-рухани құндылықтарды тереңдету

434 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Парламенті Сенатында Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер комиссиясының отырысы болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Отырысқа қатысушылар – Қазақстан, Түркия, Әзер­байжан, Қырғызстан парламентшілері, сондай-ақ ғы­лы­ми орта мен қоғамдық ұйым­дардың өкілдері түр­кі­тілдес мемлекеттердің мә­дени-ру­ха­ни байланыс­та­рын одан әрі тереңдету мә­селелерін тал­қылады. Отырыста сөз алған Әлеу­­меттік, мәдени және гу­манитарлық мәселелер ко­мис­сиясының төрағасы Ға­ри­фолла Есім былтырғы қа­зан айында Алматыда болған Түркітілдес елдер ынты­мақ­тас­тық кеңесі ал­ғашқы сам­митінің нәти­желеріне тоқ­тал­ды. Атап айтқанда, саммитте Президент Н.Назар­баев­тың қа­зіргі заманғы түр­кі әле­мі­нің даму мәселелерін тал­қылау жөніндегі 2012 жылы Түр­кістанда симпозиум өткізу, сондай-ақ Әзер­байжан Президенті И.Алиевтің түр­кітілдес мем­ле­кет­тердің мә­дени қо­рын құру туралы бастама­ла­ры қол­дау тапқан бо­латын. Отырысқа қатысушылар назарына қазақстандық тараптан ұсынылған «Білге-Қорқыт» бағдарламасы тұ­жы­рымдамасының жобасы­на қатысты Ғ.Есім оның мазмұнына тоқталып, жү­зеге асыру жайындағы өз ой­ла­рын ортаға салды. Қа­зақ­стан­дық парламент­ші­нің ай­туынша, бағдар­ла­ма­ны іске асыру түркітілдес халық­тар­дың мәдени, ғы­лыми және гуманитарлық сала­лар­да­ғы байланыс­та­рын дамы­туды са­ралауға, түркілік ық­пал­дас­тықты одан әрі терең­детуге қо­сыл­ған маңызды үлес болып табылады. Отырыста сөз алған пар­ламентшілер М.Аташ, С.Валиева, Н.Джафаров, К.Огут түркі әлемінің тұ­тастығын сақтау, жалпы әлемдік өр­кениеттің ма­ңыз­д­ы бөлігі – түркі өр­кениетінің мәде­ни-рухани құндылық­та­рын зерт­­теу қажеттігіне назар аудар­ды. Отырысқа қаты­су­шылар «Білге-Қорқыт» бағ­дар­ла­ма­сы Тұжырым­дама­сының жо­басын ма­құлдай келіп, оны одан әрі жетілдіру жайында айтты. Түр­кітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассам­блея­сының (ТүркПА) Әлеу­мет­тік, мәдени және гума­ни­тарлық мәселелер комис­сия­сының кезекті оты­ры­сын ал­дағы жылы Бішкекте өткізу жоспарланды.