«Біз қазір планетааралық кеме құрастырып жатырмыз. Келесі жылдың басында белгілі бір қашықтыққа ұшыруды бастай аламыз деп ойлаймын. Бірақ мен айтқан уақыт кейде өзгеріп отыратынын білесіздер», — деді Маск. Ол өз сөзінде Starlink жаһандық интернеттің іске қосу уақытының бірнеше рет шегерілгенін еске алды.
BFR (Big Falcon Rocket) ракета жүйесі бірнеше рет ұшыруға жарамды. Яғни, оны ұшыру Falcon 1 ракетасына қарағанда арзанға шығады. Масктің айтуынша, BFR арқылы Нью-Йорктен Шанхайға жарты сағатта жетуге болады.
Былтыр Маск BFR Марсқа 2022 жылы ұшатынын айтқан болатын. Алдымен ракетамен 150 тонна жүк жіберіледі, одан кейін адамдарды тасымалдауға мүмкіндік тумақ.