Атап айтқанда, Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй комиссиясының мүшелері - қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Н.Мустафаевқа, қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Джантлеуоваға және Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары М.Хажгереевке қатысты тәртіптік істер.
Соның ішінде, көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үйін жекешелендіру мәселесі бойынша жұмысшы органы мен тұрғын үй комиссиясы тарапынан 2 ай бойы қызмет алушыны әуре-сарсаңға салып, оның заңды мүддесін бұзып, тек оның бірнеше рет шағымдануынан кейін ғана тиісті шешім қабылдау арқылы заңбұзушылыққа жол бергені үшін Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй комиссиясының мүшесі – Жаңаөзен қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Джантлеуоваға Әдеп кодексінің талабына сәйкес «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. Ал, Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Н.Мустафаевтың өз еркімен мемлекеттік қызметтен босатылуына байланысты оған қатысты тәртіптік іс қысқартылды.
Келесі тәртіптік іс Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары М.Хажгереевке қатысты болды.
Кеңес мүшелері тексеру құжаттарын талқылай келе, М.Хажгереевтің Астана қаласында іс-сапарда болған кезінде Әдеп кодексі талаптарын тиісті деңгейде сақтамағаны үшін «ескерту» түрінде тәртіптік шара қолдану жөнінде шешім қабылдады.
Бұдан басқа, Маңғыстау облысындағы жергілікті атқарушы органдарда 2017 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жай-күйі туралы Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы А.Рзахановтың, Ақтау қаласы әкімі аппаратының, Әдеп жөніндегі уәкілі Г.Қалмұратованың және Маңғыстау облысы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының және әдеп кодексі талаптарының орындалысы бойынша Департамент басшысы Б.Утесиновтың есептері тыңдалды.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мәжіліске қатысқан мекеме басшыларының есептерін назарға ала отырып, қызмет барысында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаларының және Әдеп кодексі талаптарын басшылыққа алу бойынша бірқатар тиісті жұмыстар мен атқарылатын шаралар жөнінде ұсыныстар қабылдады.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы