Қ. Тоқаев Индонезия Президентіне Дін көшбасшылары Съезіне шақыруды табыс етті

Индонезияда сапарда жүрген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Егемен Қазақстан
13.03.2018 3169
2

Қ. Тоқаевтың ел Президенті Джоко Видодомен кездесуі сапардың басты оқиғасы болды.Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Сенат Төрағасы Индонезия басшысына биылғы қазан айында Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруын жеткізіп, Әлем және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне қатысуға шақыруды табыс етті. Қ.Тоқаев Астанадағы дінаралық форум дін көшбасшыларымен қатар әлемдік деңгейдегі саясаткерлер де бір үстел басында бас қосатын үнқатысу алаңы ретінде мойындалғанын атап өтті. Съезд жұмысына БҰҰ Бас хатшысы, көптеген мемлекеттердің басшылары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Сенат Төрағасы жер жүзіндегі ірі мұсылман мемлекеті басшысының Астана форумына қатысуы, ислам әлеміндегі Индонезияның маңызды рөлін ескере келгенде, «Діни қайраткерлер қауіпсіз әлем жолында» тақырыбына арналған алдағы саммиттің табысты өтетініне ықпал ететінін атап өтті.

Қ.Тоқаев екіжақты қатынастардың келешегі туралы айта келіп, Қазақстан Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жетекші елдердің бірі – Индонезиямен жан-жақты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ерекше маңыз беретініне назар аударды. Кейінгі жылдарда екіжақты қатынастардың барлық бағыттары бойынша, атап айтқанда, сауда-экономикалық, аймақаралық ынтымақтастық, мәдени-гуманитарлық және парламентаралық өзара іс-қимыл салаларында оң өзгерістер көрініс тауып отыр.

Қ. Тоқаев іске қосылатын жаңа көлік-логистика бағдарларының келешегіне, бірінші кезекте Қазақстанның «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен ҚХР-дың «Жібек жолының Экономикалық белдеуі» бастамасының ұштасу жоспарына байланысты жаңа мүмкіндіктерге тоқталды. Атап айтқанда, «Қазақстан - Ляньюньган порты (ҚХР) – Азия-Тынық мұхиты аймағындағы теңіз порттары» көлік дәлізінің мүмкіндіктері сауда-экономикалық ынтымақтастығын тереңдетуге ықпал ететін болады.

Исламдық қаржыландыру саласындағы Индонезияның мол тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан тарапы Астана халықаралық қаржы орталығының аясында Индонезия қаржы институттарын жұмысқа тартуға ықылас білдіріп отыр. Мемлекет басшысы Астана халықаралық қаржы орталығы қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде ислам қаржыландыруын атаған болатын.

Джоко Видодо өз кезегінде Қазақстанға шақыруына орай Президент Н. Назарбаевқа алғыс айтты әрі саяси, экономикалық және мәдени екіжақты байланыстарды ұлғайту мақсатында барлық шараларды қабылдау жөніндегі ниетін жеткізді.

Қазақстан Сенатының Төрағасы мен Индонезия Халық кеңесшілері конгресінің Төрағасы Зулкифли Хасанмен әңгімесінің тақырыбы парламентаралық байланыстарды нығайтудың келешегі туралы болды. Қ.Тоқаев Қазақстанның саяси жүйесінің ерекшеліктері туралы хабардар етіп, Парламент жоғарғы Палатасының конституциялық өкілеттіктері жайында әңгімелеп берді. Индонезия тарапы Қазақстанның президенттік бес әлеуметтік бастамасын іске асырудағы жоспары мен саяси және рухани жаңғыру бағдарламасына ерекше ықылас білдірді.

Қ. Тоқаевтың Индонезия Халық өкілдері кеңесінің Төрағасы Бамбанг Сусатиомен кездесуінде заң шығару органдарының үнқатысу мәселелері әңгіме өзегіне айналды. Әңгіме барысында Қазақстан мен Индонезияның өзара ынтымақтастығын нығайтудағы парламентаралық құрамның маңызды рөлі атап өтілді. Қ. Тоқаев екі елдің заң шығару органдарында қызмет ететін депутаттық достық топтарының жұмысын өрістетуге шақырды.

Қ.Тоқаевтың сапар бағдарламасы бойынша Индонезия Вице-президенті Юсуф Калламен кездесуі 14 наурызға белгіленді.

Қазақстан делегациясы мәдени бағдарлама аясында Жакартадағы Ұлттық тәуелсіздік монументінде және «Таман Мини Индонезия» паркінде болды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

21.09.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша жоба әзірленді

21.09.2018

Кәрім Мәсімов терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

21.09.2018

Қостанайлықтар жарықдиодты шыны жолмен жүреді (ВИДЕО)

21.09.2018

Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға мастер-класс өткізді

21.09.2018

Алексей Луценко: «Алматы турын» апталық жарыс қылса керемет болар еді

21.09.2018

Бурабайда жаңа мешіт ашылды

21.09.2018

Онкологиялық қызметтің атасы Сәкен Нұғмановтың 100 жылдығы атап өтілді

21.09.2018

Дзюдошы Ерлан Серікжанов жартылай финалға шықты

21.09.2018

Қайрат өз құрамын жария етті

21.09.2018

Асқар Жұмағалиев Үндістанның АТ және телекоммуникациялар министрімен кездесу өткізді

21.09.2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

21.09.2018

Шыңғырлау ауданында төрт емдеу нысаны күрделі жөндеуден өтті

21.09.2018

Рани Мукерджидің қазақтарға сәлемі

21.09.2018

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

21.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

21.09.2018

Халқына демесін болған күйші

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу