Ерекшелігі сол, жүйріктер аппақ қардың үстінде аламанның көрігін қыздырды. Иә, бұл күні аудан орталығы – Үлкен Нарынның іргесіндегі «Тайжирен» атшабарына 8 ауылдық округтің шабондоздары жиналып, 3 қашықтықта қыл құйрықтыларының бабы мен бағын байқады. Аудандағы шаруа қожалықтарының ұйытқы болуымен өткен сайыста тайлар 2,5, аттар 5, 10 шақырымға жіберілді. Тай жарысында кіші Нарынның «Күреңі» оза шапса, 10 шақырымдық бәйгеде катонқарағайлық сәйгүлік «Фантастика» топ жарды. «Катонқарағайлықтар облыста алғаш болып бәйге маусымын ашты десек артық айтпаспыз. Бұл жарысты осы жазда жалауы желбірейтін түрлі атаулы сайыстарға әзірлік деп қабылдаса да болады. Алдағы уақытта Астананың 20 жылдығына, Қатонқарағайдың 90 жылдығына арналған бәйгелер ұйымдастырылады», – дейді аудан әкімінің орынбасары Ренат Құрмамбаев.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы,
Катонқарағай ауданы