29 Қараша, 2011

Достық фестивалі

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарасай ауданындағы «Жәр­дем» медициналық колледжінің ұжымы Қазақстан халқының достық, бірлік және біртұтас­тығын паш еткен фестиваль жалауын көтерді. Студенттер көпұлтты Отанымызда қол жеткізілген жетістіктер мен қазақ, түрік, татар, орыс, ұйғыр, тағы басқа ұлттардың салт-дәстүрін жан-жақты насихаттап, мемлекеттік тіл мәртебесі жайлы да толғамды ойларын ортаға салды. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы С.Сұрабалдинова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Г.Хайруллин, тағы басқалар қай ұлттың болмасын қасиетті шаңырақтағы өзіндік орны бар екенін жеткізді.  Береке-бірліктің белесін биіктеткен кездесу студенттердің белсенділігімен және мерейлі жылдағы жетістіктерімен өрілді. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.