19 Наурыз, 2018

Семейде «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының бригадалық оқу-жаттығуы өтті

31 реткөрсетілді

Әскери полигонда өткен оқу-жаттығудың басты мақсаты -  батальондар мен дивизиялардың дайындығын арттыру, олардың жауынгерлік тапсырманы орындаудағы жылдамдықтары мен дәлдіктерін күшейту. Сондай-ақ, оқу-жаттығуға қатысушылардың психологиялық және әскери дайындығын күшейту де негізгі міндеттің бірі.

-«Шығыс» әскери далалық полигонында жүріп жатқан оқу-жаттығуға 40398 әскери бөлімі қатысты,-деді «Шығыс» өңірлік әскерлер қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Нұрлан Қашағанов,-сондай-ақ, 28738, 10810, 10181, 30217, 44736, 44793, 32355-К, 02352 әскери бөлімдері де кез келген сәтте ел мен жер қорғауға дайын болу жаттығу жұмыстарына белсене атсалысты. 600 әскери техника, 2000 жеке құрам және арнайы әуе күші жаттығу алаңында екі күн бойы жүрді.

«Шығыс» әскери өңірлік қолбасшылығы өздерінің жаттығуларын Семейден бастап, Аягөз ауданы мен Алматы облысының Үшарал елді-мекеніндегі аумақты қамтыды.

Раушан Нұғманбекова

Семей

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар