Мемлекет басшысы айтқан төртінші әлеуметтік бастамада кәсіпкерлік салаға қолдау көрсету, атап айтқанда, микронесиелендіруді кеңейту мәселесі көтерілді. Микронесиелендіру ісін әлі де жетілдіре түсу халықтың өзін-өзі еңбекпен қамтып отырған бөлігінің жұмыс табуына мүмкіндік туғызатыны сөзсіз. Барлық деңгейдегі кәсіпкерлік құрылымдар еңбекпен қамту ісінде және халықтың тұрмыс сапасын көтеруге, сол арқылы елдегі әлеуметтік ахуалды жақсартуға ықпал ететінін ескерсек, бұл өте маңызды. Еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы осыған байланысты.
Сөз жоқ, бұл мақсатқа бизнес орта мен мемлекет өзара тізе қосып әрекет еткенде ғана жете алады. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан бизнес саласын дамытуға ерекше жағдай жасалып отыр. Ендігі кезекте жеке кәсіпкерлік барынша қанат жайып, қарқынды түрде дамуға тиіс. Мен барлық кәсіпкерлер мен ел азаматтарын Елбасы көтерген бастамаларды жүзеге асыру үшін өзара тізе қосып, белсенді түрде әрекет етуге шақырамын.
Әсен ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
«Гормолзавод» ЖШС директоры