Әлем • 20 Наурыз, 2018

Францияның бұрынғы президенті қамауға алынды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози қамауға алынды. Бұл туралы bbc.com хабарлады.

Францияның бұрынғы президенті қамауға алынды

Қазіргі уақытта Нантер қаласындағы полиция участкесінде экс-президенттен жауап алынып жатыр.

Николя Саркози 2007 жылы президенттік сайлау науқаны кезінде өрескел заңбұзушылыққа жол бергені бойынша тергеліп жатыр. Яғни Ливия тарапының заңсыз қаржыландыруын пайдаланды деген айып бойынша тергеліп отыр.Le Monde басылымының ақпарынша алдағы 48 сағат бойы одан жауап алынады. Осыдан кейін сот билігі оған ресми түрде айып тағуы мүмкін.

 

Осы іс бойынша бұрынғы президенттен алғаш рет тергеліп отыр. Осыған дейін заңсыз әрекетке қатысы бар екі күдікті 2007 жылы қолма-қол бір млн еуроның Триполиден Париждегі Саркозидің тобына жеткізілгенін мойындаған. Ал Ливияның бұрынғы инвестициялық қорының экс-басшысы Башир Салех елдің бұрынғы көшбасшысы Муаммар Каддафи Саркозидің ұжымын қаржыландырғаны туралы ақпаратты растады.