Кеше Орталық сайлау комиссиясында сайлауды халықаралық байқау жөніндегі семинар-тренинг болып өтті. Оның жұмысына ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының, Еуропалық Одақ делегациясының, еліміздің орталық мемлекеттік органдарының, министрліктер мен ведомстволарының өкілдері қатысты.
Семинарды кіріспе сөзбен Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов пен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Эндрю Оффенбахер ашты. Жиынға қатысушылар сайлауды халықаралық байқаудың халықаралық-құқықтық және ұлттық-құқықтық негіздерін, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауды байқау бойынша ұйғарымдарын, заңсыз сайлау технологияларын анықтаудың әдістері мен құралдарын талқылады. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар миссиялары құрамында сайлауды халықаралық байқаудың ерекшеліктерін қарастырды және Қазақстан өкілдерінің 2011 жылы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының құрамында сайлауларды байқауға қатысу тәжірибесімен бөлісті.
Семинар-тренингте ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлауларды байқау жөніндегі миссиясының құрамына кіретін байқаушылардың кәсіби деңгейін жоғарылатуға, ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердегі сайлауларды байқауға Қазақстан өкілдерінің қатысуын белсенділендіре түсуге ерекше назар аударылды. Қорытындысында 2012 жылы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының құрамында Қазақстан Республикасы атынан байқаушылардың қатысуын қамтамасыз ету тәжірибесін одан әрі жетілдіру мәселелері жөнінде пікір алмасылды.
Қазақстандық байқаушылардың кәсіби деңгейін жоғарылату бойынша жұмыстардың маңыздылығы мен қажеттілігін ескере отырып, біздің еліміздің өкілдерінің ЕҚЫҰ кеңістігінде сайлауларды байқауды іске асыру үдерісіне қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық беделін нығайту және демократиялық сайлау үдерісін дамыту ісіне қосқан айтарлықтай үлесі ретінде Орталық сайлау комиссиясы оларға арналған семинар-тренингтер мен консультациялар өткізу тәжірибесін алдағы уақытта да жалғастыруды және дамытуды көздеп отыр.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55