29 Қараша, 2011

Этномәдени бірлестіктер аллеясы ашылды

655 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қар­са­ңында облыс орталығындағы Кутузов кө­ше­сі бойында  Этномәдени бірлестіктер  ал­лея-алаңы ашылды. Осыдан үш жылдай уақыт бұрын «Достық үйінің» пайдалануға берілу салтанатты рәсіміне Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаев қатысты. Бұл күндері «Дос­тық үйінде» облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы,  18 этно­мә­дени бірлестік, ассамблеяның жастар бірлестігі, ұлттық өркендеу мектебі, «Ана тілі» тілдерді дамытудың оқыту-әдістемелік ор­та­лығы, «Қазақ тілі» қоғамы орналасқан. Сонымен қатар, 20 этностың мәдениетін дәріптейтін 42 шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Мамыр айында «Мақсаты бірдің – рухы бір» ұранымен «Достық. Бірлік. Тәуелсіздік» атты этностық топтардың ХІV облыстық фестивалі өтті. «Ел қазы­насы» жобасы аясында «Ертіс – достық өзе­ні» атты халықаралық фестиваль ұйым­дастырылды. Биылғы жылы этномәдени бірлестіктер жұмысын атқару ісіне 25 миллион теңге бөлінді. Өзге этнос өкілдері мемлекеттік тіл­ді меңгеруде. Облыс аумағында осы ба­ғыт аясында тиісті жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік тілді және қазақ халқының салт-дәстүрлерін үйрету облыстың лин­гвис­тикалық лагерьлері мен алаңдарының оқу бағдарламасына енгізілген. Енді, міне, мереке алдында Достық аллеясында  шағын түрдегі кескінделген әрбір этно­бір­лес­тік­тердің ұлттық болмысына сай жасалған мүсіндер орнатылып отыр. Мысалы, «Ватан»  әзербайжан этно­бір­лес­тігі – Әзербайжан қалалары бар карта және қыз мұнарасын, гректер – Афроди­таның мүсінін, қырғыздар – шаңырақ, қо­муз, бүркіттің бейнесін,   армяндар – армян сәулет өнерін,  славян орталығы матреш­каларын тізіп қойыпты. Әрі қарай поляктар, болгарлар, украиндар, белорустар, корейлер, ұйғырлар жасаған өз халқының ұлт­тық дәстүрлеріне сай белгілері болып жал­ғасып кете береді. Аллея ішіне орындықтар қойылған. Бір сөзбен айтқанда,  қалалықтар үшін  тағы бір демалыс орны ашылды.  Еліміздегі ұлтаралық келісімнің, ынты­мақ­тастық пен бейбітшіліктің көрінісі іспетті. Жиналғандар алдында облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев сөз сөйледі. «Еліміз достық пен татулықтың мекеніне айналған. Ал­леяның ашылуы бәріміз үшін зор маңызды іс-шара және үлкен мәртебе деп есептеймін», – деді өңір басшысы. Бұдан кейін этнобірлестіктер өкілдері   Жафар Махмұдов,  Татьяна Кузина, Яна Муравская құттықтау сөз сөйледі. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.