Қазақстан • 26 Наурыз, 2018

Әскердегі тәрбие жұмысын күшейткен жөн

518 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасы Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дары­нан-ақ адами капиталдың дамуына баса мән беріп келеді. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында Мемлекет басшысы адами капиталды  «жаң­ғыру негізі» деп атады. Мұның қорғаныс саласына да тікелей қатысы бар.

Әскердегі тәрбие жұмысын күшейткен жөн

Барлық озық елдерде жауынгерлердің сапа­сына, жеке құрамның моральдық-психо­логиялық жағдайына деген қамқорлық мем­лекеттік саясат деңгейіне көтерілген. Өйткені, әскерилердің биік рухы, Қарулы Күштердегі қызметін мақтаныш тұтуы, сайып келгенде, жауынгерлік даярлықты және елдің қорғаныс қабілетін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге ықпал етеді.

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Қорғаныс министрлiгi аппаратынан, Республикалық Ұланнан, Шекара және Iшкi әскерлерiнен, әскери мекемелерден бастап роталарға дейiнгi буындарда командир­лер­дiң (бастықтардың) тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс жөнiндегi орынбасарларының институты енгiзiлсiн», деп анық жазылған еді Президенттің 1993 жылғы №1084 Жарлығында. Осылайша тәуел­сіздіктің алғашқы жылдарында Қарулы Күш­тер­дегі тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс­тың (бұдан әрі – ТӘҚЖ) іргелі негізі қаланды.

Алайда бұл сала кейін өзгеріске ұшырап, қазіргі уақытта Қарулы Күштерде аталған жұмыс Бас штабқа жүктелген. Осының нәти­жесінде, қазіргі кезде Қорғаныс министр­лігінің орталық аппаратында ТӘҚЖ-ның дербес басқару органы жоқ; тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды ұйым­дастырумен, жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалын және әскери тәртібін нығайтумен Бас штабтың тәрбие және идео­логиялық жұмыстар департаменті айналысады. Ал бұл ТӘҚЖ органдары мәртебесіне жауап бермейді.

Осыған байланысты ТӘҚЖ деңгейін көтеріп, Қорғаныс министрінің тәрбие және әлеу­мет­тiк-құқықтық жұмыс жөніндегі орын­баса­ры лауазымын қайта қалпына келтіруді ұсынамын.

Қазақстанда қорғаныс саласындағы мем­лекеттік саясатты, Қарулы Күштердi əске­ри-саяси жəне əскери-экономикалық басқару­ды жүзеге асыру Қорғаныс министр­лігінің құзы­рында. Демек, Қарулы Күштерде, басқа да әс­кер­лер мен әскери құрылымдарда ТӘҚЖ ұйым­­дастыруда бірыңғай әдістеменің негізін қа­­лау­­шы да Қорғаныс министрлігі болуы тиіс. Алай­­да Министрліктің аталған басшылық рөлі­нің жоқтығы нәтижесінде ТӘҚЖ ұйым­дас­­тыру­дың бірыңғай жүйесі де жоқ болып отыр. Ал әс­кери ведомстволардың (ҰҚК Ше­кара қыз­ме­ті, Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қыз­­меті) әс­­ке­ри басқару органдары өздері бас­­қ­ара­­тын әс­­ке­­ри қызметкерлерді тәрбиелеу сала­сын­­дағы көз­­­қа­­рас­­тар мен нұсқамалар жүй­е­лері­нің тұжы­ры­м­­да­­­масын әрқайсысы өз бетінше анықтауға мәжбүр.

Осы айтылғандарды ескеріп, әскери құры­лым­дарда тәрбие және әлеуметтік-құқық­тық жұмыстарды ұйымдастыру Тұжырым­дамасын әзірлеуге тапсырма беруді ұсынған депутаттық сауал Премьер-Министр Б.Сағынтаевтың атына жолданды.

Сонымен қатар жұртшылық, әсіресе, жастар арасында әскери қызметтің беделін көтеру, қ­о­ғам­дық санада Отан қорғаушының оң бей­несін сомдау үшін Қазақстанда жеке әске­ри теле­ар­на құру мәселесін қарастыру сұрал­ды. Сондай-ақ Елбасы жариялаған «Ру­хани жаң­ғы­ру» бағдарламасындағы бастаманы үлгі ете оты­рып, тәуелсіз Қазақстанның Отан қорғ­ау­­­шы­­лары­­ның қаһармандығы мен жетіс­тік­те­рін көр­сетіп, қоғам арасында насихат­тайтын «Ә­с­кер­дегі 100 жаңа есім» жобасын өткізу де ұсынылды.

Бақытбек СМАҒҰЛ,

Мәжіліс депутаты