Аймақтар • 27 Наурыз, 2018

Маңғыстауда индустриялық-инновациялық жұмыстар есебі тыңдалды

656 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Тілеген Едігеев Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың   2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жұмыстарын қорытындылады. 

Маңғыстауда индустриялық-инновациялық жұмыстар есебі тыңдалды

2017 жылы өңдеу Өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі сәйкесінше алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,7% өсіп, 163,3 млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста орналасқан негізгі экспорттаушы компаниялар  шығарған өнім көлемі 20,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 64% (12,5 млн. ақш долл. АҚШ) өскен. Маңғыстау облысының кәсіпкерлікті қолдау картасының Екінші бес жылдығында облыс бойынша жалпы сомасы 526,4 млрд. теңге құрайтын 22 жоба енгізілген, жобалар аясында 3 399 жаңа жұмыс орны ашылады.

-Ағымдағы жылы жалпы сомасы 11,5 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны іске асырып, нәтижесінде  223 жұмыс орнын ашу жоспарланған: «Кабельдер мен трансформаторларды шығаратын зауыт» «Ақтау-ЭнергоМаш» ЖШС (АЭА, 9,1 млрд. теңге); «Полимер пакеттерін шығаратын зауыт құрылысы» ЖШС «Достық Полимер» (АЭА, 295 млн. теңге); «Жиһаз және пластик терезелерді дайындау үшін өндірістік цех» «Битнер А.В.» (Ақтау индустриялық аймағы, 157 млн. теңге); Күн және жел электр станциясын салу, «Best Group HPS» ЖШС (1-кезең, Ақшұқыр ауылы, 1,9 млрд.теңге), деді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Тілеген Едігеев өз сөзінде.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы