«2018 жылғы 25 наурызда Кемерово облысының Кемерово қаласында болған өрт салдарынан көп адам қаза тауып, зардап шекті. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, мынадай қаулы шығарамын.
1. 2018 жылғы 28 наурызды РФ-да қаралы күн деп жариялансын.
2. Қаралы күнде елдің бүкіл аумағында мемлекеттік ту түсіріледі.
3. Қаралы күні Мәдениет мекемелері мен телерадиокомпаниялар ойын-сауық шаралары мен бағдарламаларын тоқтатуды ұсыну.
4. Ресей Федерациясының Үкіметі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету үшін қажетті шараларды қабылдайды.
5. Қаулы қол қойылған күні күшіне енгізіледі», делінген хаттамада.
Айта кетейік, 25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда үйінен өрт шыққан. Ресми деректер бойынша 64 адам қаза тапты. Оның 41-і бала еді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.