Серіктестікте белгілі болғандай, Нұржол желекжолындағы ақылы автотұраққа 2 ай ішінде 3 мыңнан астам көлік басқарушы өз көлігін қойған. Олардың басым бөлігі ақылы автұрақтың белгісін елемей, автотұраққа көлігін қойған уақыты үшін ақы төлемепті.
«ҚР ӘҚбК-нің 597 «Тоқтау және көлік құралдарын тұраққа қою» бабы бойынша автұрақ ақысын төлеуден жалтарғандар 3 АЕК көлеміндегі айыппұлға кесіледі. Бір жыл ішінде аталмыш құқық бұзушылық қайта жасалған жағдайда төленетін айыппұлдың көлемі 5 АЕК-ке дейін артады.
2018 жылы 1АЕК мөлшері 2405 теңгені құрайды», - делінген таратылған хабарламада.
Айта кетейік, Нұржол желекжолындағы ақылы автотұрақта 487 орын бар. Мұнда 12 паркомат жұмыс істейді.