Ал Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы пәтерге қол жеткізе алмай жүрген қазақстандықтар үшін тосынсый іспеттес болды. Елбасы жариялаған ипотекалық несиелеудің жаңа жүйесі тиімді шарттар арқылы баспаналы болуға мүмкіндік береді. Президенттің бастамасымен несиенің пайыздық үстемесі 7 пайыздан асырылмай, қайтару мерзімі 25 жыл болып белгіленді.
Менің ойымша, бұл – Қазақстанның ипотекалық жүйесінің жаңаруы және баспанаға зәру жандарға берілген үлкен мүмкіндік. Оның үстіне бес бастаманы жүзеге асыру барысында қосымша жұмыс орындары ашылып, экономиканың өсімі қарқын алып, халықтың кірісі арта түседі.
Мемлекет басшысы Үкіметке, депутаттарға, Ұлттық банкке бастамаларды жүзеге асыру тетіктерін бүге-шігесіне дейін ойластыруды тапсырып, бақылау міндетін «Нұр Отан» партиясы алуы керектігін айтты. Демек, нұротандықтарға үлкен міндет жүктелсе, ал бізге зор жауапкершілік артылды.
Сайын ҚУАНЫШЕВ,
Атырау облыстық мәслихатының депутаты