«Тәуелсіз елімізде алғаш рет қысқы олимпиадада Александр Колядин алтын медальға қол жеткізді. Бұл оған оңайлықпен келген жоқ, тынбай еткен еңбектің нәтижесі. 1997 жылы көлік апатынан ауыр жарақат алған Александр күйреп, бойкүйездікке ұрынған жоқ. Қайта өжеттікпен шаңғы спортымен айналысты, рухын сындырмады. Александр нағыз батырлықты, адам рухының мықтылығын көрсетті. Көп жыл еткен еңбек нәтижесін де берді, паралимиадада еліміздің көк Туын жоғары көтеріп қайтты» деді Архимед Бегежанұлы.
Облыс әкімі Александрды өзінің туған жері Сарыкөл ауданында алғаш жаттықтырған жаттықтырушысы Николай Степинге де 500 мың теңгенің сертификатын табыстады. Александр Колядин өзіне көрсетілген құрметтен кейін облыстық ХХХП көркемөнерпаздар халық шығармашылығы фестивалінің гала-кОнцертін тамашалады.
Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай