Қазақстан • 28 Наурыз, 2018

Бес әлеу­­меттік бастама - дамыған 30 елдің қатары­на қосылуына жасалған сәтті қа­дам

784 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Президент өзінің Үндеуінде бес бастама бойынша нақты-нақты көр­сет­­­кіш­терді көрсете отырып, орын алып отырған мәселелерді жою бағытында жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті. 

Бес әлеу­­меттік бастама - дамыған 30 елдің қатары­на қосылуына жасалған сәтті қа­дам

Юрий КУСТАДИНЧЕВ,
«Возрождение» болгар этно-мәдени қоғамының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты: 

Астананы газдандыру мәсе­лесі баяғыдан бері айтылып келе жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған газдан­ды­ру жөніндегі жаңа бастама дер кезінде көтерілді. Рес­пуб­ликадағы экологиялық жағ­дайды жақсар­ту­дың маңызы зор екені белгілі. Осы­ған байланыс­ты елде «жасыл» технологияны қолдану қа­жет. Ал Астананы газдандыру Сары­ар­қаны көмірдің түтінінен та­зар­тып, ауаны ластанудан сақтайды. 

Бұл жобаның қымбат әрі қиын екенін түсіну қажет. Тап­сыр­маның орындалу мерзімі бір жарым жыл деп бекітілді. Бұл мерзімде қаншалық­ты үміт ақталатынын уақыт көрсетеді. Елбасы көтерген бастаманы орын­дауға білек сыбана құл­шы­нып отырғандар жетерлік еке­ніне сенімдімін. Сарыарқаны газдандырудың әсері экологияны және экономиканы ілгерілетуге елеулі үлес қосады. 
Осы орайда, қаржы бөлуге ерекше көңіл бөліп, оны бақы­лауды күшейту керек. 

Атырау облысы

Байғабыл МАЙКОТОВ,
«Павлодар облысының Ауған соғысы ардагерлері және мүгедектері» ҚБ төрағасы:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеу­­меттік бастамасы Қазақ­стан­ның дамыған 30 елдің қатары­на қосылуына жасалған сәтті қа­дам деп есептеймін. Біз Ауған соғы­сы­­­­­­ның ардагерлері, Елба­сы бас­та­маларын Қазақстан хал­қы­­ның жағдайын жақсартуға ба­ғы­т­талған оңды шешім деп қабылдадық. 

Атап айтқанда, отандас­тарымызға несиемен үй алу ай­тар­лықтай жеңілдегелі тұр. Мәсе­лен, 2017 жылы пайдалануға беріл­ген пәтер саны рекордтық көр­сет­кішке жеткен. Енді мемлекет бұл жетістіктермен шектелмей, қазақстандық әрбір азамат­тың ақылға сыятын ақыға үйлі болуына мүмкіндік туып отыр. 

Сондай-ақ салық жүкте­месін жеңілдету арқылы жала­қысы төмен адамдардың еңбека­қы­сының көтерілуіне әсерін тигізе­ді. Бұл бастама күнкөрісі төмен отбасыларға демеу болары анық.   

Оқу гранттарының қосымша 20 мыңға көбейтілуі, оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болуы мемлекетке қажетті мамандардың тап­шы­лығын жоюға себепкер бола­ды. Оның үстіне мемлекет-жекеменшік әріптестігі негізін­де студенттер жатақханаларын салу міндеті нақтыланғандығы көңілімізден шықты. 

Кәсіпкерлікті дамыту мақса­тында шағын несиелердің көлемі 2 есеге артады, бұл қамқор­лық­тың шапағаты ауылдық елді мекендерге де тиеріне кәміл сенемін. Ал газдандырудың бірегей жобасы еліміздің орталық және солтүс­тік өңірлеріндегі миллиондаған тұтынушының тіршілігіне оң өзгеріс әкелері сөзсіз. 

Дениз ЖАМАЛОВА,
Қазақстан дүнгендері жастар қанатының төрағасы:

Бірінші бастама – баспана алудың мүмкіндігін кеңейту. Осы­ған байланысты «7 – 20 – 25» тұр­ғын үй ипотекалық бағдар­ла­­ма­сының қолжетімділігін арт­­тыруға тапсырма берілді. Па­йыз­дық көрсеткіш екі есеге азайып, алғашқы жарна 20 па­йыз­ға дейін түсіп, несиелеу мер­зімі 25 жылға ұзартылды. Жастарға бұл бастама ұнауы тиіс деп есептеймін, өйткені осындай жағдайдың арқасында бас­пана алу мәселесі жеңілдейді. Ел­басы өз сөздерінің бірінде жас­тар­дың өмірлік мұратына қол жет­кізу үшін мемлекет сапалы білім­мен, жұмыспен және бас­пана­мен қамтамасыз ете отырып, қолдан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеген болатын. Сон­дық­тан Президент ұсын­ған жаңа бас­тама­ның жастар­ға қанша­лық­ты қажет екені айтпаса да түсінікті.

Елбасы 2019 жылғы 1 қаң­тардан бастап салықтық жүк­те­мені он есеге азайтуға тапс­ыр­ма берді. Бұл аз жалақы алатын­дардың еңбекақысын көбейтеді. 

Сонымен қатар жоғары оқу орындарына қосымша 20 мың мемлекеттік грант бөлу жөнінде міндеттеме жүктеді. Бұл өз кезегінде елдің дамуына өл­шеусіз үлес қосатын маман иелерін әзірлеп шығуға мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, 20 мың грант­тың 11 мыңы техникалық сала­ларға бөлінеді. Мұның себебі – төртінші экономикалық революция. Мемлекеттің жастарға қол­дауын 75 мың орындық жатақ­хана­лар салу жөніндегі тапсырмадан да байқауға болады. Осы орайда Елбасына өз атымнан зор алғыс айтқым келеді. 

Табылды Әміров,
Мұнайлы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы:

Бес бастама – бұл қазіргі күнде ел экономи­касы­ның дамуына, халықтың әлеу­мет­тік жағдайын жақсарту­ға, білімді кадрлармен қам­тамасыз етуге бағыттал­ған жұ­мыс­­тарды нұсқап тұрған бағдар. Бұл бастамалар­дың қай-қайсысын алып қарасақ та қазіргі уа­қыт­­тағы өте өзекті мәселелердің қатарынан. 

Біріншіден – жас отбасылардың тұр­ғын үйге қол жеткізу мүмкіндіктерін есе­лей түседі, екіншіден –  төмен жалақы алатын адамдарға айтарлықтай жеңіл­дік жасайды, үшінші бастама – жас­тар­дың білім алуына жасалған тағы да бір игі іс, төртінші бағыты – жаппай кәсіп­кер­лікті дамытуға бағытталса, бесіншіден  – Маңғыстау үшін басым ба­ғытқа ие бол­маса да, Қазақ­стан атты ұлан-ға­йыр еліміз­дің өзге облыс­тары үшін де, экология жана­шыр­лары үшін де өте жақсы жаңалық.

Президент осылайша халықтың әл-ауқатын аттырудың нақты тетігін халықтың көрсетті. 

Маңғыстау облысы