Жуықта қазақтың небір қасқа-жайсаңдары бас қосқан дастарқанда болдық. Ас ішілді, аяқ босатылды. Кезек бата беру рәсіміне келіп тірелді. Төрде отырған танымал ғалым ағамыз қос алақанын айқара жайып алып, бата емес кедір-бұдыр жадағай тост айтып шықты. Кәдімгі шарап толы тостақ ұстап тұрып тойда айтатын тост. «Сіздің (той иесін айтады) жұмыстағы беделіңіз жоғары, әрдайым биіктен көріне беруіңізге тілектеспіз, осындай дастарқан басында бас қосайық!». Мынадай «батаға» не бет сипарымызды, не әумин дерімізді білмей салбырадық та қалдық.

Өз басым мұндай жағдайға өте жиі тап болам. Көрген сайын көңіл құрғыр құлазиды, естіген сайын еңсе шіркін езіледі. Расын айтқанда, қазір ақсақалдық деңгейге жеткен ағаларымыздың көбі осы бата мен тостың аражігін ажыратпайтыны өкінішті.
Бата – дегеніміз халқымыздың байырғы тұрмыс-салтымен берік ұштасқан, күнделікті өмір дағдысындағы адами қарым-қатынастың рухани қажеттілігін өтеуге бағытталған, ағайын-туыс, жегжат-жұрағаттың бір-біріне ыстық ықылас-пейілін білдіретін, сонымен қатар жасы үлкен адамдар немесе ел ағалары өздерінің тілек-дұғасын айтып, жастарға дұрыс бағыт-бағдар сілтейтін сөлді сөз.
ХІХ ғасырдың аяғында Сібір халықтары мен солтүстік өңір қазақтарының өмір-тіршілігін зерттеген этнограф-фольклорист ғалым В.Н.Васильев: «Қазақ даласында болған адам, сол халықтың батаға қандай ерекше назар аударғанын аңғарар еді. Бата – қазақ поэзиясының ерекше түрі, онда бата беруші адамның үй иесіне деген шын жүректі жарып шыққан ықыласы, пейілі, ақниеті, Алладан тілер тілегі поэзия түрінде ақтарыла айтылады», депті.
Дана халқымыз: «Жауынменен ел көгерер, батаменен ер көгерер» немесе «Баталы ұл арымас, батасыз құл жарымас» деп бекер айтпаған. Яғни жастар «ер болып көгеру» үшін дана қарияларды әдейі іздеп барып, бата алу дәстүрі бұрынғы қазақ қоғамында берік сақталған. Тіпті ұлыстың мызғымас ұстыны десе де болады.
Мысалы атақты Шақшақ Жәнібек батыр бозбала кезінде елуді еңсеріп, танымы толысқан Төле биге келіп: «Уа, биеке, бозбала болдым, ерлік қылайын ба, әлде сізден үлгі алып билік құрайын ба, батаңызды беріңіз?» дегенде Төле: «Өгізіңді өрге салма, Қанатың талар, Наданға көзіңді салма, Сағың сынар, Досыңа өтірік айтпа, Сенімің кетер, Дұшпанға шыныңды айтпа, Түбіңе жетер, Қыс қарға жығарын, Ұрыншақ жарға жығарын ұмытпа, Тұмаудың түбі құрт, Тұманның түбі жұт, Ақылдың түбі құт қарағым, Менің батам осы!» деген екен (Шешендік сөздер /құрастырған Б.Адамбаев – Алматы: 1990. – 70 б).
Сол сияқты қазақ ұғымында батаның түрі де көп. Атап айтқанда, дастарқан батасы, сапар батасы, ұзатылған қызға беретін бата, сонымен қатар бір тәңірден елге, жұртқа, қауымға жақсылық, тыныштық тілеп жасайтын бата, т.б. Осы орайда дінтанушы, ғалым Қайрат Жолдыбайұлы қазақтың «бата» ұғымы Құранның беташары «фатиха» («фатқа», «фата», «бата») сүресінің рухани құндылығымен тығыз байланысты, өйткені қасиетті кітапта айтылғандай фатихасыз құлшылық болмайтыны сияқты, қазақта батасыз істің пәтуасы да болмайды, дейді. Яғни мұндағы теолог бауырымыздың пікірін сәл тәпсірлесек, батаның қазақ қоғамындағы рөлі Құран аяттарынан алынып, ұйқасты жыр форматында қазақыланған дұға-тілек түрі екен. Демек бата берудің әдебі – дұға жасау дегенге саяды. Ендеше мұндай құнды дүниемізді жаттан сіңген «тост» дейтін дәстүрге жығып бергеніміз жарамас.
Осы орайда тост деген не? Осыған да аз-кем тоқталайық. Бұл әуелі христиандық әдеп негізінде қалыптасқан дәстүр дейді зерттеушілер. Негізінен бұл арақ-шарап құйылған ыдысты ұстап тұрып, көпшілікке тілек-сөз айту арқылы орындалатын дүние. Дінімізде харамдалған затты көтеріп тұрып жақсылық, амандық, бақыт тілеу ақылға сыя ма?! Осыған қарағанда отарлаушылар тарапынан аса бағалы әдет-ғұрпымызды өзгертіп, оның бастапқы мәнін жою үшін жасалған дүние екені анық.
Жоғарыдағы пікірімізге дәлел ретінде айтарымыз тарих ғылымдарының докторы, профессор Серік Мәшімбаев отарлаушылар қазақтың байырғы дәстүрін әлсірету арқылы, санасын мәңгүрттендіріп, жат өркениетке бас игізіп, мәдени ассимиляцияға ұшыратып, ұлтсыздыққа душар етерін жақсы білді де, осыдан кейін олар ең әуелі дәстүрлердің озық үлгілерін жоюмен айналысты, дейді.
Өткен қоғамда осы «тост» ұғымын өмір сүру дағдысына айналдыру арқылы жоғарыдағы қасиетті батаның құнын әлсіретіп алдық. Ақырында міне, бата мен тосты қойыртпақтап айтатын, оның не екенін ажырата алмайтын бір буын өсіп шыға келді. «Ат айналып қазығын табады» дегендей әлі де кеш емес, ақсақал жасына жеткен ағаларымыз бұдан былай халқымыздың бағалы баталарын дастарқан басында төгілтіп айтып, өшкен дәстүрді тірілтер деген сенім мол.
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Елордада көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • 12 Тамыз, 2022
ИИДМ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
«Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» мыңға жуық өтініш түсті
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
Дархан Қыдырәлі Мажарстан Парламентінің арнайы сессиясына қатысты
Әлем • 12 Тамыз, 2022
Кристина Овчинникова Түркиядағы Ислам ойындарында қола иеленді
Жеңіл атлетика • 12 Тамыз, 2022
Атырау облысының Қызылқоға ауданына жаңа әкім келді
Тағайындау • 12 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылады
Президент • 12 Тамыз, 2022
Елордада Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі учаске жабылады
Елорда • 12 Тамыз, 2022
Қазақстанда тұңғыш рет кибер құқық мектебі ашылады
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Елордада «Азия жаңғырығы» фестивалі басталды
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар