2018 жылдың 3-қаңтары күні үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды тағайындау жоспарына сәйкес, гранттар 11 әлеуметтік маңызы бар бағытта 87 тақырып бойынша жарияланған болатын. 202 үкіметтік емес ұйымнан 352 өтініш түсті, қазір олар – байқау комиссиясының қарауында. 87 тақырыптың ішінен өтінім түспеген немесе өтінімдер талапқа сай болмаған 23 тақырып бойынша қайта байқау жарияланып отыр. Байқау туралы толық ақпаратты Орталықтың ресми сайтынан http://cisc.kz/media/news/1516/ сілтемесі арқылы таба аласыздар.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін көтеру, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу мақсатында 2016 жылы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ құрылған болатын. Орталық оператор ретінде үкіметтік емес ұйымдарға грант бөліп, оның сапалы жүзеге асуын қадағалайды.
Барлық сұрақтар бойынша 8 7172 678 201, 8 777 880 2521 телефоны, info@cisc.kz электронды поштасы арқылы хабарласуға болады. Ресми сайт: www.cisc.kz.