Әлем • 29 Наурыз, 2018

Энтони Джошуа мен Джозеф Паркер көз арбасты

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Энтони Джошуа мен Джозеф Паркер көз арбасты

Алдағы жексенбі күні Британияда кәсіпқой бокстың ауыр салмақтағы екі алыбы, әлі жеңіліс не екенін білмей келе жатқан – британиялық Энтони Джошуа (20-0, 20 КО) мен жаңазеландиялық Джозеф Паркер (25-0, 18 КО) әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді. Кеше екі боксшы да жекпе-жек алдында көз арбасып, айқас алдындағы пікірлерін айтты.

Энтони Джошуа: «Меніңше ауыр салмақтағылар кәсіпқой бокстың бетке ұстарлары болу керек. Сондықтан, біз жексенбі күні айрықша жекпе-жек өткізуге тиіспіз. Паркердің карьерасында әлі бірде-бір жеңіліс жоқ. Сондай-ақ ол әлем чемпионы. Ол өте жылдам әрі соққы көтере алатын боксшы. Бұл жекпе-жек мен үшін үлкен сынақ болғалы тұр. Дегенмен, менде оны жеңетін күш бар. Қажет болса, 12 раунд толық жұдырықтасып беремін. Бірақ, айқас мерзімінен бұрын аяқталатын сияқты. Өз басым оны 9-раундта нокаутпен жеңемін деп отырмын».

Джозеф Паркер: «Жекпе-жекке толық дайынмын деп есептеймін. Ауыр салмақтағы барлық белбеуді Жаңа Зеландияға алып кететінімді сезіп отырмын. Біз Джошуа мен оның командасын құрметтейміз. Дәл қазір екеуміздің де бабымыз келісіп тұр. Мен Британияға тек жақсы гонорар алу үшін емес, Джошуадағы барлық белдікті алып кету үшін келдім».

 

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше